USD 515.18
EUR 570.66
RUB 6.06
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ерлан Қожағапанов жаңа қызметке тағайындалды

  • 13.қыркүйек.2021, 12:09,
  • 211

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ерлан Қожағапанов Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің кеңесшісі болып тағайындалды.

"ҚР Премьер-министрінің өкімімен Ерлан Қожағапанов Премьер-министрдің кеңесшісі қызметіне тағайындалды", - делінген Үкіметтің ресми сайтында.


Білімі мен білігі:


Ерлан Қожағапанов 1968 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1992 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 1999 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған. 2006 жылы Ресей Кеден академиясын бітірген.


Еңбек өтілі:


Еңбек жолын ол 1989 жылы бастаған.


1990-1994 жылдары кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.


1994-2007 жылдары мемлекеттік органдар мен кәсіпорындарда жұмыс істеген.


2007-2013 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.


2013-2016 жылдары ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы, ҚР Футбол федерациясының президенті қызметтерін атқарған.


2016 жылғы желтоқсаннан бастап 2017 жылғы қараша аралығында ҚР Премьер-Министрі кеңесшісінің міндетін атқарушы, кеңесшісі қызметін атқарған.


2017-2020 жылдары — ҚР мәдениет және спорт вице-министрі. 2020-2021 жылдары — Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары.


2021 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болды.

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930