USD 447.4
EUR 477.55
RUB 4.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Талибан Орталық Азияға келе ме?!

  • 13.қыркүйек.2021, 20:44,
  • 123

Тәліптер Ауғанстан Ислам Эмиратын жарияламақ. Ауған елі шариғат бойынша өмір сүріп, қарапайым халыққа қысым көрсетіліп, құқықтары тапталуы ықтимал. Террористік ұйым болып танылған Талибан толық дербес елді басқармақшы.

Ауғанстан астанасын тәліптер ешбір атыссыз, қақтығыссыз жаулап алды. Оның алдында айтарлықтай қарсылықсыз елдің өзге қалалары мен провицнциялары тәліптердің қолына өткен болатын.
Тарихқа үңіліп қарасақ, ауғандықтар соғысуды жақсы біледі де, алпауыт елдердің өзздерін жаулап алуға ешбір мүмкіндік берген жоқ. Атап айтқанда, кезінде өз территориясынан Британ империясын, содан соң КСРО, ал енді АҚШ пен НАТО бастаған елдерді де ығыстырып жіберді.
Бірақ Ауғанстанның замануи қаруларымен қаматасыз етіліп, әскери соғысқа жетік үйренген 300 мыңдық әскер бірнеше аптаның ішінде соғыссыз құлады десем қателеспеймін. Ал дрон, реактивті артилллерия, авиациясы жоқ 75 мыңдық тәліптер мемлекетті басып алды. Осындай жеңісті не Байден, не Путин, мүлдем ешкім күтпесе керек.
Қалай дегенмен, аталмыш жағдай Ауғанстан халқы тәліптермен ниеттес екенін аңғартады. Тәліптер оларға жау емес, өзге ұлт, не өзге мемлекеттің азаматтары емес. Себебі, ғасырлар бойы алпауыт елдер жаулап ала алмаған ауғандықтар, осындай жеңілдікпен беріле қоймас еді. Барлық қалалардың қақпасын ашқан – ауғандықтардың өзі.
Бәлкім, Батыстың, не солтүстіктегі көршілердің қолдауын көрмегендіктен болар, бірақ жасалған іс болды. Ал фундаменталды ислам дініне қарсылар, елден қашып кетуге асығып жүр. Оның өзі, елде шамамен 38 миллион халқы бар деп есептесек, тәліптерге қарсылардың қарасы Кабулдағы әуежайда және Тәжікстан мен Өзбекстандағы босқындар лагерінде ғана көрінеді. Мүмкін оларды жақтырмайтындардың саны одан көп те шығар, бірақ тарихты еске алсақ, кезінде елеулі тойтарыс берген еді.
Нәтижесінде Талибан – қарапайым пуштун қозғалысынан, жалпы республикалық деңгейдегі күшке дейін жетті. Жәй күш емес – әскери және саяси күшке айналды. Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығын екі сұрақ мазалап тұр. Неліктен болды және енді не болады?! Америкалықтар Ауғанстанды мәдени демократиялы ел ретінде қалыптастыра алмады. Сәйкесінше, америкалықтардың салығынан жұмсалған триллион доллар зая кетті. Тәжірбиелері іске аспай қалды.
Демек, аталмыш елде нақты мықты күші бар, керек кезде қаталдығын көрсететін көсем мен жалпы билік болмағандықтан, ауғандықтар АҚШ ұсынған елді басқару жүйесіне көне алмады. АҚШ әскері Ауғанстан елінен асығып қашып, тастап кеткені де есімізде. Енді қалыптасқан жағдайдан, глобалды мәселе туындап отыр. Ресей мен Орта Азия елдері, Қытай мен Иран көршілес жерде орныққан радикалды суниттік қозғалыспен күресті өздері ғана жүргізетін секілді.
Ресей болса, алғашқы күндерден бастап тәліптермен жылы қарым-қатынас орнатуға күш салып жатыр. Тәліптердің Мәскеуде өткен баспасөз конферециясы соған дәлел. Ал америкалықтар болса, енді қаржыны осы бағытта шашпай, күш жұмсамай, сарбаздарынан айырылмай, өзіне сенімді серіктестердің жерінде – Жапония, Еуропа мен Израильде жаңа күш жинап отырмақшы. Нәтижесінде, бейшара күйде қалған Орта Азия елдері – алпауыт АҚШ, Қытай не Ресей көмегіне зәру болмақ.
Осы орайда, Тұран идеясы, түркі тілдес бауырлардың – Түркияның рөлі ерекше болмақ. Ал осының нәтижесінде не болмақ деген сұраққа, мен келесідей жауап берейін. Талибан этно-діни пуштундық фундаментализмнен, этникалық тұрғыда қатысы жоқ діни әскери күшке айналуына байланысты, соғыс аймақтың осал жеріне өтпек.
Атап айтқанда, негізгі халқы мұсылман, бірақ өз билігімен аса салқын қарым-қатынастағы елдер бірінші кезекте тәліптерден опық жейді. Ол – Түркіменстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Қырғызстан. Жағдай өзгермей, реформалар болмаса, Қазақстанға да қауіптіліктің беті бар деп санаймын. Одан бөлек, Солтүстік Кавказ туралы да ұмытпаған жөн.
Татар, башқыр, шешен мен ингуш халықтары да суниттік ислам бойынша өмір сүреді. Сәйкесінше тәліптер осы халықтың жастарына да елеулі идеологиялық, діни әсер етуге қауқарлары бар деп айтуға болады. Қорытындылай келгенде, тәліптер Ауғанстаннан бөлек Орта Азия мен Кавказ халықтарына елеулі әсер етіп, жағдайды өзгертсе, олардың ДАИШ мүшелерімен бірігуі ғажап емес. Сонда Таяу Шығыс елдері де қауіпті жағдайдан алыс емес. Демек, діни радикализм кеңінен тарап, хаос орнығуы әбден мүмкін.


скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
19.08.2021
28.06.2021
18.12.2020
10.11.2020
04.09.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930