USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

"Дельта штаммының" балаларға қауіптілігі

  • 13.қыркүйек.2021, 17:12,
  • 260

Гарвардтағы Т.Х.Чан атындағы қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің жұқпалы аурулар жөніндегі сарапшысы, доктор Сара Форчун балалардың коронавирустың "дельта штаммын" жұқтыру қауіпі мен ауруы қаншалықты ауыр жүретінін айтып берді.

"Қазіргі "дельта" толқынында біз осы ауруды жұқтырған 12 жасқа дейінгі балаларды көріп жүрміз", - дейді доктор Форчун Российская газетаға берген сұхбатында. Олар да ауруханаға түседі, Құдайға шүкір, ересектермен салыстырғанда өлім жағдайы сирек болады.


Сарапшының айтуынша, 12 жасқа дейінгі балалар арасында коронавирус инфекциясымен тіркелген жағдайлар көлемі шамамен 13% құрайды, ал 100 баланың біреуі ғана ауруханаға жатқызуды қажет етеді.


"Осы айдың ішінде вирустың кесірінен қайтыс болғандар арасында балалар жоқ. Керісінше, 80 жастан асқан ересектер тіркелген жағдайлардың екі пайызын, ауруханаға жатқызудың 30 пайызын және өлімнің 30 пайызын құрайды. 12 жасқа дейінгі балалар кез келген ортада екпе алған және алмаған адамдарға дельта жұқтыруы мүмкін. Алайда, екпе алмаған балалардың қатты ауыру қаупі екпе алмаған ересектерге қарағанда әлдеқайда төмен", - дейді Форчун.


"Алайда, дельтаның таралуынан АҚШ секілді біраз елдер мен өңірлер "әлеуметтік арақашықтық сақтау мен бетперде тағу сияқты" әдістер арқылы ауру жұқтыру қауіпін төмендетуге болады деп санайды", - деді ол.


"Біз инфекциядан бір ғана бала қайтыс болды" деп, оған көз жұма қарамауымыз керек, оның орнына екпеге және ауруды жұқтыру қауіпін төмендетуге баса назар аударып, жалпы қоғам ретінде жағдайды бақылауымыз керек", - дейді ол.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
31.08.2021
30.07.2021
01.07.2021
06.04.2021
05.12.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930