USD 443.85
EUR 474.3
RUB 4.8
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

"31 арна" бас директоры ауыстырылды

  • 13.қыркүйек.2021, 16:29,
  • 256

"31-арна" Бас директор лауазымына Жұмағали Құрманбек тағайындалғанын жариялады. Бұған дейін Ж.Құрманбек "Астана" телеарнасының бас директоры қызметін атқарды.

"Жаңа телевизиялық маусымның басталуымен 31-арнаға Құрманбек Жұмағали бастаған топ-менеджерлердің жаңа тобы келеді. Телекөрерменнің қызығушылығына және жоғары бәсекелестік жағдайында жаңа үндеулерге сәйкес, бұл шешім телеарнаның дамуына, арна өндіретін контенттің саны мен сапасының артуына жаңа серпін беретініне сенімдімін", - деп атап өтті "Верный Капитал" компаниялар тобының бас директоры және "31-арна" Бақылау кеңесінің мүшесі Ерлан Оспанов.


Бас директор лауазымында Құрманбек Жұмағали ТВ және интернеттегі аудиториялық көрсеткіштерді одан әрі арттыруға, Қазақстандағы "31-арнаның" нарықтық үлесін ұлғайтуға, жеке өндіріс өнімдерінің желісін кеңейтуге және жалпы бизнестің тиімділігін арттыруға шоғырланады.


"Еліміздің ең табысты әрі танымал телеарналарының бірінің мүшесі болу - мен үшін үлкен мәртебе. Жүздеген мың қазақстандық күн сайын Қазақстандағы рейтингі жоғары жаңалықтар бағдарламасы - "Информбюро" жаңалықтарын көру үшін теледидарларды қосады немесе интернетке кіреді. Сонымен қатар, арнада салыстырмалы түрде жаңа, бірақ танымал болған ақпараттық-аналитикалық бағдарламалар бар – мысалы, "Неге" бағдарламасы. Телеарнаға еліміздегі алғашқы отбасылық-ойын-сауық телеарнасы мәртебесін қайтару бағытында еңбек етемін", – деп атап өтті "31-арнаның" Бас директоры Жұмағали Құрманбек.


Құрманбек Жұмағали 1985 жылы 27 тамызда дүниеге келді. 2008 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін "Журналистика" мамандығы бойынша бітірді.


Қ. Жұмағали кәсіби мансабын "Қазақстан РТРК" АҚ телеарнасында редактор ретінде бастады, "Хабар Агенттігі" АҚ-да редактор-жүргізуші, корреспондент болды. 2013-2018 жылдары Қ. Жұмағали мемлекеттік қызметте жұмыс істеді – Қарағанды облысы әкімдігінде баспасөз қызметінің басшысы қызметін атқарды, Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасының басшысы болды. 2018-2019 жылдары Қ. Жұмағали "Қазақ Радиосы" ЖШС-ны басқарды, "Қазақстан РТРК" АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары болды.


"31 арна" – өз өндірісіндегі жоғары сапалы ұлттық өнімдердің, оның ішінде ақпараттық өнімдердің үлкен үлесі бар, отбасылық көруге арналған қазақстандық ойын-сауық телеарнасы. Арна стратегиясы жаңа ойын-сауық форматындағы көшбасшылық ұстанымдарды нығайтуға бағытталған және ең алғашқы қойылымдық киноконтенттің эксклюзивті иесі болып табылады.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
01.09.2021
23.06.2021
27.07.2020
22.05.2020
18.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930