ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Svevind Energy GmbH, Linde AG, Redpath Deilmann Gmbh, Siemens Energy, Goldbeck Solar GmbH, Saria SE & Co. KG, Becker Mining Systems неміс компанияларының, сондай-ақ Германия экономикасының шығыс комитеті басшыларымен кездесу өткізді.
Тараптар жаңартылатын энергетика, газ өңдеу, АӨК, машина жасау, тау-кен металлургия өнеркәсібі және т. б. салалардағы бірлескен жобаларды іске асырудың жай-күйі мен перспективаларын талқылады.
Үкімет басшысы Германия Қазақстанның ірі сауда серіктестері мен негізгі инвесторларының бірі екенін атап өтті. 2005 жылдан бастап ГФР-дің ҚР экономикасына салған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі шамамен $5,1 млрд құрады. 2021 жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 72%-ға өсіп, $64,6 млн асты. 2021 жылдың І жартыжылдығында Қазақстан мен Германия арасындағы тауар айналымының көлемі 26%-ға өсіп, $1,2 млрд дейін жетті. Неміс капиталының қатысуымен 950-ден астам кәсіпорын Қазақстанда энергетика, АӨК, машина жасау, құрылыс және логистика секторларында жұмыс істейді.
Кездесуге Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, ҚР ГФР-дағы елшісі Дәурен Кәріпов және т. б. қатысты.