USD 510.81
EUR 578.59
RUB 6.51
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мемлекет басшы Тәжікстанаға барады

  • 13.қыркүйек.2021, 19:07,
  • 277

Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына және ШЫҰ мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысады. Екі айтулы жиын да Тәжікстанда өтеді.

Тәжікстан Сыртқы істер министрлігі 16 қыркүйекте Душанбеде Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтетінін хабарлады.


"Мемлекет басшылары халықаралық және аймақтық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері мен сессияаралық кезеңдегі ұйым қызметінің негізгі нәтижелері бойынша пікір алмасады, сондай-ақ Армения Республикасының ҰҚШҰ-ға алдағы төрағалығы кезіндегі қызметтің басым бағыттары туралы ақпаратты тыңдалады", - делінген хабарламада.


Сессияға қатысушылар:


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев;


Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон;


Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров;


Армения премьер-министрі Никол Пашинян;


Беларусь президенті Александр Лукашенко;


Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин;


ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зас.


Сессия қорытындысы бойынша ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің Декларациясы мен 15-ке жуық шешім қабылдау жоспарланып отыр.

ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің алдыңғы отырысы 23 тамызда өтті. Ол ерекше болды. Содан кейін мемлекет басшылары Ауғанстандағы жағдай бойынша пікір алмасты.


Ал 17 қыркүйекте Душанбеде ШЫҰ құрылғанына 20 жыл толуына орай Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің басшылары кеңесінің отырысы өтеді.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
06.08.2021
17.03.2021
10.03.2021
17.11.2020
25.11.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Маусым 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30