Биыл Ақтөбе облысында көп жылдан бері жөнделмеген жолдардың 600 шақырымы жаңартылады. Бұл мақсатта республикалық және жергілікті бюджет есебінен 40 миллиард теңге бөлінді.
Гонконгтағы ереуіл кезінде ҚР Сыртқы істер министрлігіне Қазақстанның екі азаматы жүгінген.
Алматы облысы Талғар ауданында белгісіз біреулер қоғам белсендісі Галина Арзамасоваға әкімдіктің алдында оқ атқан.
Алматы полициясы көліктің адамдарды жаппай қаққаны туралы оқиғаның мән-жайын айтты.
Желіде көліктің бірнеше адамды қағып кеткен видеосы пайда болды.
Биылғы оқу жылынан бастап жалпы пәндермен қоса жыныстық тәрбие оқытылады. Жыныстық қатынас тақырыптары қалай жүргізілетінін БҰҰ Халықты орналастыру қорының (UNFPA) атқарушы өкілі Райымбек Сисемалиев түсіндірді.
Вице-премьер Бердібек Сапарбаев екі сиырмен қалай ақша табуға болатынын түсіндірді.
24 мен 25 тамыз күндері өткен "Новая волна" байқауындағы шығармашылық кеш композитор Игорь Крутойдың 65 жас мерейтойына арналған. Арнайы қонақтардың арасында сазгер құрмет тұтатын Димаш Құдайберген де болды.
Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.
Батыс Қазақстан облысында 100-ден аса мал өлді.