Өрт 24 тамызда 3:10-да Жаңақала ауданындағы жеке шаруашылықта аумағында болған.
БҚО ТЖД зілзала қауіптерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының басшысы Ерлан Түрегелдиевтің айтуынша, өрт салдарынан 100-ден аса қой ешкі малы және сегіз ірі қара өлген.
Сондай-ақ, 162 тонна шөп өртенген. Өрт аумағы - 2450 шаршы метр. Нақты сандар анықталып жатыр.
Болжаммен өрттің себебі - от қою. Материалдық шығын мен кінәлілер іздестіріліп жатыр. Оқиға орнында төрт өрт сөндіруші мен бір арнайы техника жұмыс істеді. Өрттің таңғы 09:00-де сөндірілген", - деді Ерлан Түрегелдиев.