"Жанжал соңында ерегескендердің бірі қарсыластарын көлікпен қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Олардың аты-жөндері анықталды, қазіргі уақытта оларды ұстау шаралары жүріп жатыр. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293бабы, 345-бабы 2-бөлігі және 347-бабы бойынша іс қозғалған. Бостандық аудандық полиция басқармасының мамандары мен полиция департаментінің тергеу басқармасы осы іспен айналысып жатыр. Қазіргі уақытта күдіктілерді ұстау және көліктерін тәркілеу шаралары жүріп жатыр", - деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Полиция мәліметінше, осы оқиға салдарынан үш адам зардап шеккен, Олардың қолы, аяғы жарақаттанған, бас сүйек миы шайқалған. Олар қаладағы медициналық мекемелерге жеткізілді.