Оқиға Алматыда таңғы төрт шамасында болған.
Бір топ жігіттер екі көліктің жүргізушілерімен жанжалдасты. Ақ түсті автокөліктің жүргізушісі ерегескендердің біреуін қағып кете жаздады. Ал қара түсті көліктің жүргізушісі қасақана үш адамды қақты.
Сондай-ақ, жігіттердің бірі қолына автокөлік нөмірін ұстаған. Онда Алматы өңірінің 02 жазу бары анық байқалады.
"Осы оқиғаның куәгері болдым. Гагарин мен Дружба қиылысында, бүгін тағы төртте төбелес болды. Төбелескендердің бірі қарсыластарын көлікпен қағуды ұйғарды", - деп жазды куәгерлер.