Жоба Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы, елордадағы Назарбаев зияткерлік мектебі және БҒМ әріптестігі аясында жүзеге асырылып отыр.
"Ол жеке пән ретінде жүргізілмейді. Мұғалімдерді жақсылап оқытып шығуымыз керек. Себебі мұғалім балалардың алдында ұялмай, қысылмай немесе керісінше, ол мәселені күлкіге айналдырмай, барлығын дұрыс жеткізуі тиіс. Мұғалім өзін емін-еркін ұстануы үшін оларды да біраз оқыту керек. Бұл өте маңызды. Нақты айтар болсақ, ол курстарда біз отбасы жайлы, отбасының гендерлік рөлі туралы айтамыз. Көбіне ол талқылау түрінде өтеді. Мұғалім келіп лекциясын оқып қана кетпейді, ол балалардың отбасындағы жаңалықтар, толғандыратын мәселелерін сұрап біледі", - дейді Сисемалиев.