Арыстағы 6,8 мың үйде қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев Қазақстан Республикасы атынан Біріккен Ұлттар Ұйымының медиация нәтижесінде қол жеткізілген халықаралық татуласу келісімдері туралы конвенциясына қол қойды.
11 миллион қазақстандықтың жеке мәліметтері желіге жария болды. Бұл іске байланысты Ішкі істер министрлігі сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Қырғызстан Республикасының экс-президенті Алмазбек Атамбаев ұстау операциясы барысында қару қолданып, оқ атты. Бұл туралы Атамбаевтың өзі РИА Новости агенттігіне мәлімдеді.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстандағы жағдайды бақылап отыр.
Алматы облысы бойынша Экология департаменті Алакөлге лас су ағызған қонақ үйдің қызметін тоқтату туралы сотқа талап-арыз түсіреді.
Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (7-0, 3 КО) кәсіби деңгейдегі кезекті жекпе-жегін күздің алғашқы айында өткізеді.
Алматыда 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында ер адам тапаншадан бірнеше рет әуеге оқ атқан. Бұл туралы Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Қырғызстанда экс-президент Алмазбек Атамбаевты ұстау кезінде 48 адам медициналық көмек алу үшін Бішкектегі және Шу облысындағы ауруханаларға жүгінген. Қырғыз Республикасы ҰҚКД-ның бір қызметкері оқ тиіп қаза тапты.
Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев күш құрылымдарынан халыққа оқ атпауды сұрады.