"Көмек сұрап хабарласқан бірінші азамат шеру болған көшелер арқылы әуежайға жеткізуді сұрады. Біз оған көмек көрсеттік. Екінші азамат телефон арқылы хабарласып, Эйр Астана әуе компаниясының "Алматы - Гонконг" рейсі туралы ақпарат сұрады", - деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Оның айтуынша, әзірге барлық рейс қалпына келтірілген және кестеге сәйкес ұшырылуда. Қазақстандықтар еш кедергіге ұшырап жатқан жоқ.