2019 жылы өткен Президенттік сайлау ел тарихында мәңгіге сақталмақ. Әсіресе халықтың азаматтық позициясының құрылуы мен кең жайылған наразылық шаралар атап өткен жөн. Жас буынның арасындағы бұндай күрделі өзгерістер сәуір айында Алматыдағы марафон кезіндегі "Шындықтан қашып құтыла алмайсың" ұранымен ілінген баннерден басталды.
Шараны екі белсенді азамат Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толымбеков ұйымдастырған еді. Олардың сол кездегі басты мақсаты - мемлекет басшысын анықтайтын сайлаудың әділ өткізілуі. Белсенділер бұл әрекеті үшін 15 тәуілікке қамауға алынған еді. Артынша Әсияға қылмыскер азаматша шабуыл жасалған еді.
Әсия бұған дейін де экологияның жанашыры ретінде ерекше танылған еді. Көк-Жайлаудың ахуалына назар аудартып, "Мамыр-Парк" әлеуметтік жобасына ат салысқан. Сонымен қатар ол - Алматыдағы ауа ластану жағдайын бақылайтын "AUA" қосымшасы авторларының бірі.
Бірнеше мәрте наразылық шараларға қатысып, азаматтардың құқығын қорғаумен болды. 6 маусым күні өткен шара дәл сол шерулердің бірі болған еді. Алайда әлеуметтік желіде тараған қысқаша видео салдарынан Әсия Төлесова үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Видеода Төлесованың полицияның фуражкасын құлату сәті бейнеленген. Нәтижесінде Қылмыстық кодекстің "Билік өкілін қорлау" және "Билік өкiлiнің қызметтік міндеттерін орындағаны үшін одан кек алу мақсатында өмiрiне не денсаулығына қауiпті емес күш қолдану" бабы бойынша іс қозғалды.
Алайда Әсияның айтуынша, бұл видео болған оқиғаның мән-жайын ашпайды. Бұл әрекет жазықсыз азаматтарды, қарттар мен митингке қатысы жоқ адамдарға күш қолданғандарға жауап болғанын айтты. Митингке қатысушы куәгерлер полиция қызметкері қарттарды босатуды талап еткен Әсияны жерге құлатып киімін жыртып алғанын мәлімдеді.
"Бізді ұстап алған кезде аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері не өздерін таныстырмады, не ұстап алу себебін түсіндірмеді. Құқық қорғаушы органдары бізді қолдауға келген Бейбарыс Толымбеков пен Шамшаев Марсельді сүйреп, ішін ұрған кездері болы. Алайда олардың бұл әрекетіне ешкім қарсы емес, азаматтардың құқығын ешкім ескермеді", - деп жазды Әсия өзінің Instagram-дағы парақшасында.
Белсендінің анасына сот отырысын бейнежазбаға түсіруге рұқсат етілгенімен, оны бұқараға жариялау тыйым салынды. Журналистерді тыңдалымға кіргізбеді. Әсияның жолдастары мен үлгі тұтатын қазақстандықтар соттың бұл шешіміне қарсылық білдірді.
Әсияның адвокаты Алматы мамандырылған тергеу соты оны 10 тәулікке қамауға алғанын хабарлады. Қамақ мерзімі әлі де ұзартылуы мүмкін.
Әлеуметтік желіде белсендіні қолдаушылар #Әсияныбосат қозғалысын бастап, Әсияның жасаған игі істерімен бөлісуде.