USD 524.58
EUR 551.91
RUB 4.93
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Еліміз алдында азаматтық борышымыз туралы ұмытпайық

  • 05.июня.2019, 09:30,
  • 930

Сайлау өтетін күнге аз уақыт қалғанда кейбір азаматтар мен саяси топтарда, сайлауға бармаймын деген ой пайда болып жатыр.  Халық арасындағы: "Сенсіз-ақ бәрі шешіліп қойылған, сенің сайлауға қатысуың ешкімге керек емес, дауысың ешетеңеге де әсер ете алмайды", - деген пікірге қарамастан, біз сайлауға қатысуға шақырамыз! Жақындарыңызды да сайлауға қатысуға алып баруыңызды сұраймыз!


Кім үшін дауыс беру, ол тек сіздің таңдауыңыз! Сіздің еліңіз алдындағы азаматтық борышыңыз - сайлауға қатысу!


Сайлау үміткерлері туралы айтатын болсақ, Қасымжомарт Тоқаев мырзаның сайлауда жеңетініне бәрі сенімді және барлық президент аппараты осы үшін білек сыбанып жұмыс істеуде. Алайда сіз сияқты саналы қауым өкілдері президентікке басты үміткер Қасымжомарт Тоқаев мырза үшін емес, басқа оппозициялық үміткер, мысалы, Әміржан Қосанов мырза үшін дауыс беріп көрсін. Халықтың айтарлықтай бөлігі Қосанов мырза үшін дауыс беру арқылы, өзінің қазіргі қоғамымызда қалыптасқан қарама-қайшылық, қазіргі жұмыс істеп жатқан үкіметке наразылығын көрсете алатын болады. Оппозициядан белгілі бір үміткер халықтың аз дегенде 20 – 30 % дауысын жинаса, жоғарыдағы өкіметке халықтың азаматтық саналылығын көрсетеді деген сөз. Реформалардың керек екенін, халық қамын жақсарту, ішкі саясатты күшейту керек екенін түсінетін болады.


Ал егер оппозиция өкілдері, мысалы Қосанов мырза, халықтың тек  3-4 %-н  ғана әдеттегідей жинайтын болса, өкімет өкілдерінде: "Халықты ары қарай да қанауға болады, халық бәріне де көнеді", - деген пікір қалыптасатын болады. Халықтың саналы өкілдері өте аз, оларды ешкім тыңдамайды деп, әрі қарай тек өздеріңе ғана пайда әкелетін, өздерің байытатын саясатты жүргізе беруі мүмкін.


Сондықтан да қоғамымыздың барлық азаматтары мен азаматшаларын саналылық сезімдерін оятып, сайлауға саналы түрде қатысуға шақырамыз! Осындай қарапайым, бірақ саналы қадамдар арқылы, біз дамыған демократиялық қоғам қалыптастыра алатынымызға сенімдіміз.

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031