Белсенді Әсия Төлесованың қамау мерзімі 28 маусымға дейін ұзартылды.
Халықаралық Human Rights Watch ұйымы бейбіт шеру кезінде полицейдің фуражкасын түсірген белсенді Әсия Төлесованы босатуды сұрады.
6 маусым күні елде билікке қарсы наразылық шаралары өткен еді. Полиция алаңға келген азаматтарды ұстап, қарсылық шарасына кедергі жасады. Сондай бір ұстауларға араша түскен белсенді Әсия Төлесова үш жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.