Оларға қарсы, билік өкілдері керісінше халықтың ереуілге шықпауы үшін қарама-қарсы шаралар ұйымдастырған. Бас прокуратура көшеге шығып, оларды қолдау заңға қайшы деп ескерткен болатын.
Дегенмен, еліміздің екі бас қаласында ондаған адамдар шығып, өз қолдауларын білдірген болатын. Бірақ араларында нақты Әблязовты қолдаймыз деген азаматтар айтарлықтай жоқ болды деп айтуға болады.
Ұсталғандардың көбісі, тек биліктің жүйесіне қарсы екендігін, қытай экспансиясына қарсылығын және жалпы қалыптасқан өмір қанағаттандырмайтынын айтқан болатын.
Таралған үгіт-насихаттық ақпаратқа сәйкес, шерушілер сағат 14:00 өз істерін бастауы керек еді. Оларға арнайы айғайлайтын ұран да («Шал-дұшпан, қазақ аттан!») дайындалған болатын. Бірақ осы ұранды 5 шақты адам ғана айтқан болатын.
Нәтижесінде шамамен сағат 13:45 елордада белгіленген жердің («Есіл» сауда үйі) аумағында ақырындап құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен және арнайы жасақ өкілдерімен адамдар ұстала бастады. Кейбір ұсталғандар қарсылық көрсетіп жүрсе, басқалары үндеместен ұсталып жүрді.
Өкінішке орай, әдеттегідей кейбір жағдайларда бейкүнә адамдар да ұсталды. Оларды арнайы жасақ өкілдері тыңдамай, көтеріп алып, арнайы дайындаған автобустарға тиіп отырды. Ал кейбірін тыққыштап, күшпен отырғызған болатын.
Ұсталғандардың арасында үлкен жастағы шалдар мен кемпірлер, ересек еркектер мен әйелдер, жастар мен жасөспірімдер байқалған.
Осындай кезекті құрықтау кезінде, автобустағы наразы жігіттер көліктің екі терезесін сындырып, сыртқа шығып, жол жаққа жүгірген болатын. Ақырында қайта ұсталып, полиция бөлімшелеріне әкетілген.
Осы жолы, басқа шерулермен салыстырғанда әйелдерден құралған арнайы жасақ өкілдері болған жоқ. Құдайға шүкір, олармен қоса журналисттерге әрдайым кедергі келтіріп жүрген арандатушылар да болған емес.
Ойды түйіндейтін болсақ, қашқын олигархты қолдаушылар саны азайған сайын. Себебі, объективті түрде митингіге шыққан халықтың санына қарасақ, әрдайым азайып отыр. Қайткенмен, әлі шамалы баршылық.
Одан бөлек, Әблязовты жақтаушы ретінде емес, тек биліктің жүйесіне қарсы, ешқандай саяси не оппозициялық топқа жатпайтын қарапайым халық өкілдері тарапынан адамдар көбейіп бара жатқан секілді. Оған дәлел, Жаңаөзенде және одан кейін Қазақстанның көптеген қалаларында қытай экспансиясына қарсы алаңға шыққан бұқара халық.
Тиынның басқа жағын қарастыратын болсақ, митингіге шыққанда адамдар нақты талап қоюлары шарт. Сонымен қатар, араларында лидер болып, барлық әрекеттерді ұйымдастырып, бақылайтын және басқаратын адам болуы қажет. Ал бүгін ұсталғандардың арасында осындай қасиеттер болған жоқ.
Ескеретін көптеген жәйттар баршылық. Ал полиция тарапынан болған әрекеттерді сараптасақ, шикілік айтарлықтай байқалады. Мысалы, егер кез келген адам көшеге шығып, қоғам тыныштығын бұзбаса, адамдарға тиіспесе, көшедегі орындықтар мен басқа заттарды қиратпай, тек жәй ғана өз пікірін білдіріп тұрса, оны қылмыскер секілді күшпен алып кеткен дұрыс емес.
Сондықтан, егер де нәтиже болу үшін, екі тарап та өз істерін және ойларын қайта ойластырған жөн. Соның арқасында түйіндеп, ішкі жүйелерін қайта құрған жөн. Ал билік тез арада митинг өткізілуі жөнінде заңды қайта қарап, азаматтық белсенділерді ұстай бергенді қою керек. Өйткені, осындай әрекеттермен олар халықты тек одан сайын ашуландырады.
митинг, Әблязов, Нұр-Сұлтан, полиция, ҚДТ