USD 444.32
EUR 473.33
RUB 4.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Бейбіт жиналыстар туралы заң қаншалықты өзгерді?

  • 02.июня.2020, 08:30,
  • 416

25 мамырда мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заңға қол қойған еді. Президент жаңа заң азаматтар құқығын қорғайтынына сенімді. Дегенмен бұл мәлімдеме қаншалықты шындыққа жанасады деген сұрақ туады.


Мәжілітің аталмыш заңды қарастыру туралы мәлімдемесі құқық қорғаушылардың наразылығын тудырды. Елде орнаған төтенше жағдай кезінде азаматтардың пікірімен санасу мүмкіндігі мүлде азайды. Кей құқық қорғаушы жаңа заңды "азаматтық еркіндікке жасалған ауыр соққы" деп санайды.


Жаңа заңда айтарлықтай өзгерістер жоқ, сол баяғы шектеулер қалған деген ой тараған. 


Құжат бойынша, бейбіт шерулер тек арнайы ұсынылғын орындарда өткізіле алады. Алайда мемлекет тек адам өміріне қаупі бар мекендерді ғана белгілеп, сол аймақта жиналуға тыйым салуға құқылы. Жиылыстың қайда өтетінін шешу оның құзырында емес.


Пикетті бейітте, көлік инфрақұрылымы нысандарында, президент пен "елбасы" резиденцияларына жақын жерде, қорғаныс пен қауіпсіздікке жауап беретін мекемелер ғимараттарының маңында ұйымдастыруға болмайды, басқа жерлерде өткізуге рұқсат.


Жаңа талаптарға сәйкес, азаматтар шеру өткізуге тиісті органдардан рұқсат сұрамай, тек оларды алдын-ала хабардар етумен шектелінеді. Бұл жиынға қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді-мыс. Негізінде, бұл жаңашылдықтың рұқсат алу талабынан еш айырмашылығы жоқ. Атқарушы органдар әлі де кез келген себепке негізделіп жиындарды өткізуге тыйым сала алады. БҰҰ-ның бейбіт жиын өткізу бостандығы бойынша арнайы өкілі Клемент Ньялецосси Воуле де сондай пікірді ұстанады.


Бейбіт жиындарды ұйымдастыруға, өткізуге және қатысуға тек Қазақстан азаматтары және әділет органдарында тіркеуден өткен ұйымдардың ғана құқылы. Бұл ереже митинг туралы бұрынғы заңның кесірінен қудаланған белсенділердің көбінің жолын кеседі. Сондай-ақ, бұл тәртіп басшысы жоқ қозғалыстардың заңды шара ұйымдастыру мүмкіндігін шектейді.


"Қазіргі күйінде бұл өзгерістер жай сылап-сипау болып көрінеді. Іс жүзінде мемлекет кімнің, қайда және қандай себеппен наразылық өткізетініне көп ықпал ете алады. Бағынуға тура келетін талап өте көп, стихиялық түрдегі демонстрация әлі де заңсыз саналады" деп жазады Diplomat халықаралық басылымы.


Халықтың үйдің төрт қабырғасынан шығуға шектеу болғандықтан, заңға наразылық білдіруге, оны талқылауға қатысуға мүмкіндігі болмады. 


Сонымен қатар заңда БАҚ-тың бейбіт жиналыс кезіндегі қызметін шектейтін бөлімдер пайда болды. Уәкілетті орган журналистердің жұмысын реттейтін ережелерді бекіте алады. Бұл тілшілердің кез келген қоғамдық іс-шараға тең шерулер кезіндегі құқықтарын шектейді.


Тез арада әлі ешбір халық мүддесін қорғайтын өкілдерсіз қабылданған заң адам құқығының халықаралық стандартына сай келмейді. Құқық қорғаушылар заңның қаншалықты халықаралық нормаларға сай екендігін анықтайтын сараптамаға жіберу ұсынды. Бұған билік еш мән бермеді. 


"Биліктің COVID-19-бен күрес мақсатында енгізілген құқықтар мен еркіндіктерді шектеу шараларын пайдаланып, белсенділер мен бейбіт демонстранттарды тұтқындап жатқанын көріп отырмыз. Бұл Қазақстанда жиналу бостандығын сенімді түрде қорғаудың аса қажет екенін дәлелдейді. Өкінішке қарай, президент Тоқаев қол қойған заң азаматтық еркіндікке үлкен соққы болып тие ме деп қорқамын", - деді Дүниежүзілік азаптауға қарсы күрес ұйымының бас хатшысы Джеральд Стейброк.




скачать dle 12.0
Фото авторы : platon.asia Авторы:
Тағы да оқыңыздар:
12.05.2020
09.05.2020
11.07.2019
Қазақтың – Ұлт көсемі қайда?!

Қазақ даласында әрқашан Ұлт көсемі болып, ол – белгілі бір дәрежеде өзгеріс алып келіп, халықты алға жетелейтін. Қазақстан тарихында бірізділік пен ауызбіршілікті алға қойып, жұмылдыра білген көшбасылар жетерлік.


«Негізінен қазақтар - бар ниетімен ақкөңіл, адал, басқаның қайғы-қасіретіне ортақтасқыш, қонақжай, салауатты және төзімді. Бойында қатыгездік пен кекшілдік жоқ. Бірақ, ұрыста немесе шабуыл кезінде ажалмен бепте-бет келсе ешқандай абыржымайды», - деген сипаттамалар баршаға белгілі.


Дегенмен, бүгін ел қандай күйде?! Қазақтар өткендегі сипаттамаларға, бүгін сәйкес келеді ме?! Халықты біріктіріп, алға жетелейтін Ұлт көсемі қайда қалды?! Қазақ неге бірікпей отыр?! Заманауи Әлихан Бөкейхановтай көшбасшы қайда? Неліктен қазіргі таңда, қазақтар бір-біріне жала жауып, біреуге тәуелді екен деп, кінә артып отыр?! Осының бірегей себебі, Ұлт көшбасшысын анықтай алмауда...

08.06.2019
05.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930