USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстандағы жануарлар құқығы қорғалынып жатыр ма?

  • 07.июня.2020, 17:08,
  • 2 395

Өткен апта жаңалықтар легі коронавирустан басқа өзекті мәселелермен толықты. Азап көрген үш бірдей жануарлар тағдыры бұқараны дүрліктірді. Осыған орай жануарлар құқығын қорғайтын заң қабылдау мәселесі туындады. Белсенділердің бұндай ниеті қаншалықты дұрыс, елімізге арнайы заң керек пе?

Осыған дейін жануарлар мәселесімен "Ветеринария туралы", "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" секілді заңдар айналысқан еді. Алайда бұл заңнамалар адамдардың жануарларға қарау ережелерін реттемейді. Жануарлар құқығын қорғаушылар олардың көп жағдайда пайдасыз болып келетінін байқады. 


ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы жануарларға қатыгездік жасаған азаматтарға жаза ретінде айыппұл мен қоғамдық жұмыстардан басқа ары кетсе елу тәулікке дейін қамақты қарастырады. Алматы облысында күшікті тірідей өртеген жасөспірімдер, итті тоңазытқышпен қылғындырған және оқ атқан Атыраулықтар дәл осы бап бойынша тергеліп отыр. Қорлық көрген жануарлар жанашырлары заңда көрсетілген жаза түрі желіні шулатқан азаматтарға тым жеңіл деседі. 


Мыңдаған қазақстандықтар Қасым-Жомарт Тоқаев, Сенат пен Мәжіліске арнап петиция жинауда. Олар аса қатыгездік көрсеткен қылмыскерлерге жазаны қатаңдатуды талап етеді. 


"Бұл қанішерлер жазықсыз жануарлардың өмірін қор қылып ғана қоймай, балалар да қолданатын әлеуметтік желіге салды. Бұл жаза оларды келесі бір қылмысқа барудан тоқтатпайды", - дейді петицияға қол қойғандардың бірі.


Жаунарларға адамгершілікпен қарау тек "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" заңында қарастырылған. Алайда бұл құжат тек жабайы жануарларға қатысты.


ҚР Азаматтық кодексінің 124-бабы жануарларды адамның жеке меншігіне жатқызады. Яғни, 188-бапқа сәйкес, азамат өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иеленіп, пайдалануға құқылы. 


Жоғарыда аталған заңнамалар жануарлар құқығын толыққанды қорғамағандықтан, бірнеше келіспеушіліктер болғандықтан қоғамдық ұйымдар бастаған белсенділер жаңадан жүйелі құжатты бекітуді талап етіп отыр. 


"INUCOBO" жануарларды қорғау ассоциациясы 2018 жылдан бері жануарлар құқығын қорғау заң жобасын жылжытумен келеді. Белсенділердің бұл шарамен келесіні көздейді:


- үйсіз қалған (қаңғыбас) жануарлар мәселесін адамгершілік жолмен шешу (стерилизациялау);

- халықтың үй жануарларын бағу саласындағы сауаттылығын арттыру;

- жануарлардың ғылыми мақсаттарда қолдануды шектеу.


Мәжіліс депутатының ұйымға жолдаған хатында аталмыш құжаттағы ұсыныстар қарастырылатыны туралы айтылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі жануарлардың аянышты жағдайына наразы болған француздық актриса Брижит Бардо хатына істі қолға алады деп жауап берді. 


Алайда Парламент уәде еткен талқылау да, президенттің бастамасымен орындалған шаралар да ел үмітін ақтамады. Нәтижесінде, желіде дау туғызған азаматтардың қылмысы сол баяғы бап бойынша қарастырылады. 


Өкілетті органның деректеріне сүйінсек, 2011-2017 жылдары аралығында дәл осы баппен тіркелген 800 істің тек 11-і сотқа дейін жетті. 2017 жылы мамырда аулау қызметкері аптап ыстықта итті жүксалғышта қалдырып кетті. Жануар ауа темпаратурасы мен қысымға шыдамай, көз жұмды. Бұл іске қатысты қызмектерді жауапкершілікке тарту сәтсіздікке ұшырады. 


Сонымен қатар петиция авторлары жануарларға қатыгездік жасаған күдіктілерді психиатриялық сараптамадан өткізуге талап етеді. 


"Қазір біз тыңдай алатын мемлекет болып саналамыз. Қазір қоғамның билікке деген үндеуін қаншалықты нәтижелі етіп жібере алатынын тексере алатын кез. Біздің мақсатымыз - Үкімет мүшелеріне бұл бір мәртелік емес, талай қазақстандықтарды толғандыратын мәселе екендігін көрсету", - деді "Comes" қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушысы Сергей Снегирев.


Еліміз бір қатарда болуды көздейтін мемлекеттерде жануарлар құқығы заңды түрде қорғалуда. 


Италияда жануарларға қатыгездік жасағандар үш айдан үш жылға дейін бас бостандығынан айрылып немесе кем дегенде 3000-нан 160 мың еуроға дейін айыппұлмен жазаланады. 


Сонау 1973 жылы Жапония жануарлардың барлық түрін қорлағаны үшін бір жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе 500 мың-бір миллион йенге дейін айыппұл салу жазасын қарастырады.


Елімізге жануарлар құқығын қорғайтын заң керек дегендер мына сілтеме арқылы петицияға қол қоя алады. Қазіргі таңда бұл шараға 14 мыңнан аса қазақстандық қатысты.

скачать dle 12.0
Фото авторы : klike.net Авторы:
Тағы да оқыңыздар:
05.06.2020
06.05.2020
11.11.2019
11.07.2019
Қазақтың – Ұлт көсемі қайда?!

Қазақ даласында әрқашан Ұлт көсемі болып, ол – белгілі бір дәрежеде өзгеріс алып келіп, халықты алға жетелейтін. Қазақстан тарихында бірізділік пен ауызбіршілікті алға қойып, жұмылдыра білген көшбасылар жетерлік.


«Негізінен қазақтар - бар ниетімен ақкөңіл, адал, басқаның қайғы-қасіретіне ортақтасқыш, қонақжай, салауатты және төзімді. Бойында қатыгездік пен кекшілдік жоқ. Бірақ, ұрыста немесе шабуыл кезінде ажалмен бепте-бет келсе ешқандай абыржымайды», - деген сипаттамалар баршаға белгілі.


Дегенмен, бүгін ел қандай күйде?! Қазақтар өткендегі сипаттамаларға, бүгін сәйкес келеді ме?! Халықты біріктіріп, алға жетелейтін Ұлт көсемі қайда қалды?! Қазақ неге бірікпей отыр?! Заманауи Әлихан Бөкейхановтай көшбасшы қайда? Неліктен қазіргі таңда, қазақтар бір-біріне жала жауып, біреуге тәуелді екен деп, кінә артып отыр?! Осының бірегей себебі, Ұлт көшбасшысын анықтай алмауда...

05.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930