USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Блокбекеттегі апат: ПД деректері қаншалықты рас?

  • 26.мамыр.2020, 17:15,
  • 428

Екі полицейді қағып кеткен мас жүргізушісі 6 жыл полицияда қызмет еткені анықталды. Бұл туралы Алматы полиция департаменті хабарлады. Алайда халық полиция өкілдерінің бұл іске қатысты әділдігіне күмәндануда.

25 мамыр күні Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ықшамауданында азамат №4 блокбекетке барып соғылып, инерциямен патрульдік көлікке соғылған еді. Апат салдарынан екі полиция қызметкері дүниеден озды, ал үшінші біреу жансақтау бөлімінде жатыр. 


BMW көлігін полиция қызметкері айдады деген ақпарат тарады. Алайда ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек жүргізушінің құқыққорғау органдарына қатысы барын жоққа шығарды. 


 


Ал 26 мамыр күні таңертең полиция департаментінің басшысы Қанат Тәймерденов апатқа кінәлінің полиция қызметкері болғанын растады. Оның айтуынша, 1992 жылғы жүргізуші жұмыстағы міндеттеріне немқұрайлы қарағаны үшін қызметінен босатылған екен.


"Блокбекетте болған жағдайдан бірден екі полицей қаза тапты. Бірақ, ең өкініштісі, полицейлерді қаққан жүргізуші осыған дейін полицияда 6 жыл қызмет еткен. Қызметтік міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін төрт рет тәртіптік жазаға тартылған. Осыған байланысты ішкі істер органдарындағы қызметінен қуылған. Заңды бұза отырып, оған ауыр жаза қарастырылғанын біле тұрып, мас күйде рөлге отырып, қылмыс жасады", - деді ол.


Марқұм Дастан Абдықановтың жары қылмысқа қатысты Азат Азаматовтың апат кезінде қызметінен айрылмағанына сенімді. 


 


"Жүргізуші полицияда қызметін тоқтатқаны жалған. Күйеуіммен бірге түңгі ауысымға шығып отыратын. Оларға түнгі ас дайындаумен болдым, күйеуімнің әріптестерін жақсы танимын. Өтінемін, шындықты айтыңыз! Үлгілі әке мен жар болған азаматтарды өлтіргенді жасырмаңыз! Марқұм жаұындарымыздың атына кір келтірмеңіз", - деді марқұмның зайыбы. 


Халыққа үндеу салған жесір әйел істің әділетті өткізілуін талап етуде. 


Шамшархан Өмірзақов есімді азамат дәл сондай пікірді қолдауда. Өзінің Facebook парақшасында бақылау камераларына түскен кадрларымен бөлісті.


 


Кадрларға қарағанда, ПД өкілдері барын жоққа шығарған сергек камералары блокбекеттер орналасқан аумақта жұмыс істеген. Өмірзақовтың айтуынша, онда полиция қызметкерлірінің кінәлі азаматтың үстінен қызметтік формасын шешу сәті бейнеленуі мүмкін. Ол полицейлердің өліміне қатысты Азат Азаматовтың әкесі Талғат та құқықорғау органдарында қызмет еткен. Жасы келіп, зейнетке шыққан. 


 


Әлеуметтік желі қолданушылары Полиция департаментінің бұндай жасырынбақ ойнына наразы. Қызмет бабы секілді маңызды ақпаратты жасырса, тағы қандай деректер көпшілік назарынан тыс қалуы мүмкін деген сұрақ туындайды. 

скачать dle 12.0
Фото авторы : Шамшархан Умирзаков Авторы:
Тағы да оқыңыздар:
22.05.2020
14.05.2020
11.05.2020
06.05.2020
28.04.2020
Тәжікстан танымал қазақстандық телехикаясына наразылық білдірді

Тәжікстан сыртқы істер министрлігі Қазақстанға наразылық нотасын жіберді. Бұған полиция қызметкерлерінің өмірін баяндайтын Қазақстанда танымал телехикая себеп болды. 




ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930