Осыған дейін ешбір деректі тіркемеген Тәжікстан 30 сәуір күні 15 адамның коронавирус жұқтырғанын хабарлады. Бұл сан бір апта ішінде 293 науқасқа дейін күрт артты. Карантин режимін енгізу талқыланған емес. Жергілікті халық COVID-19 таратушы азаматтардың саны әлдеқайда көп екендігіне сенімді. Желіде жедел жәрдем қызметкерлерінің науқастарды апарар жер іздеумен әлек видео тарады. Вируспен күресіп жатқан дәрігерлер қорғаныш заттардың тапшылығынан жұмысқа шықпаған әріптестеріне үндеу салды.
"Міне, жасы келген зейнеткердің өзі қызмет етуде. Жастар болса қашып отыр, қорқады", - деді олар.
Вирус деректері тіркелмеген кездің өзінде Тәжікстан коронавируспен күресу үшін бөлінген қаржыны ДДСҰ, Дүниежүзілік банк секілді ұйымдардан қабылдаған еді. Әлеуметтік көмекті жіберген елдердің қатарында Қазақстан да болды. Жалпы айтқанда, әлі кездестіріп үлгермеген жауымен қорғанумен болды. Ал алғашқы мәлімдеме ДДСҰ мамандарының Тәжікстанға жасаған іссапарымен тұспа-тұс келді.
Әлем карантин ережелерін сақтап жатқан кезде, елде қоғамдық жиындарға еш шектеу қойылмады. Навруз мейрамы тойланып, футбол чемпионаты ойнатылды.
5 мамыр күні Тәжікстан президенті Денсаулық сақтау министрі Насим Олимзоданы қызметінен босатты. Бұған басқа лауазымға тағайындау себеп болды деседі.
Еуропалық одақ ел билігін Азаматтық жәні саяса құқықтар туралы халықаралық конвенцияда бекітілген адам құқығы жөніндегі халықаралық міндеттерін сақтап, бұқаралық ақпарат құралдар еркіндігі қамтамасыз етуге шақырды. Сөз бостандығы әсіресе осындай төтенше жағдай кезінде ерекше маңызды екендігін баса айтты.