Қостанай облысында шектеу шаралары күшейтілді. Бұл туралы өңір әкімі Архимед Мұхамбетов хабарлады.
Алматыда қоғамдық денсаулық басқармасының өкілі блокбекетте болған жол-көлік оқиғасында зардап шеккен үшінші полицейдің жағдайы туралы айтты.
Алматы облысы полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев Еңбекшіқазақ ауданының полицейлерінің наразылығы туралы пікір білдірді.
Алматыдағы блокбекетте қайтыс болған полицейдің туыстары апатқа кінәлі адам өмір бойына бас бостандығынан айырылғанын қалайды.
Алматыдағы блокбекетте болған қайғылы оқиға кезінде зардап шеккен полиция қызметкерінің жағдайы жақсарып келеді.
Алматыда блокбекеттегі жол апатынан қаза тапқан Дастан Әбдіқановтың анасы Жанатгүл Абирова президентке үндеу салды. Ол ұлының өліміне қатысты тергеуді қадағалауды сұрайды.
Нұр-Сұлтан мен Алматыда 1 маусымға қараған түні сағат 00.00-де блокбекеттер алып тасталды.
Қазақстан қалалары арасындағы блокбекеттер 1 маусымнан бастап алынады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов мәлімдеді.
Алматыдағы блокбекет пен полиция қызметкерлерімен соқтығысқан Азат Азаматов мамыр айында лейтенант шенін алып, оқиға болған күні кезекшілікте болды. Бұл туралы оның әкесі сұхбат барысында мәлімдеді.
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев блокбекетте болған апат салдарынан көз жұмған екі полицейдің отбасына пәтер берілетінін айтты.