USD 444.32
EUR 473.33
RUB 4.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Белоруссия Ресей журналистерін аккредитациясынан айырды

  • 11.мамыр.2020, 20:00,
  • 444

Әлем елдері коронавирус жағдайымен түрлі жолдармен күресуде. Біреулер өзін-өзі оқшаулау режимін енгізіп, қоғамдық қашықтықты сақтап жатады, екіншілер вирустың барын соңына дейін мойындамай, ақпаратты жасырып отыр. Ал Беларуссия болса жүздеген адам жиналған шеруді өткізіп, халық өміріне алаңдаған журналистердің аккредитациясынан айыруда.

Ресейлік "Первый канал" журналистері 6 мамыр күні көрсетілген сюжеті жергілікті биліктің наразылығын туғызды. Нәтижесінде аккредитациялау комиссиясы ресейлік журналистерді ел аумағында жұмыс істеу құқығынан айырды. Бұған тілшілердің "жалған ақпарат таратуы" себеп болды деп хабарлады Белоруссия СІМ.


Сюжет барысында Пасха мейрамы мен республикалық сенбіліктен кейін елдегі коронавирус жұқтыру деректері көбейгенін айтылды. Еуропа елдері арасында Белоруссияда жан басына шаққандағы вирусты жұқтыру көрсеткіші үшінші орында. 


Сонымен қатар, журналистер биліктің елге жариялап жатқан ақпараттың анығына күмән келтірді. Әсіресе Столбцы қаласындағы қабірлердің арасында бір ерекшелік байқады. Қайтыс болған күндердің көбісі сәуір айының соңына келіп тұр - дәл сол кезде қаладағы вирус жұқтыру деректері артқан еді. 


Жергілікті халық ресми ақпаратқа сенуден қойды. 


"Қала пневмониямен ауырғандарға толы. Қайда барсаң - корона! Науқастарды жатқызатын орын қалған жоқ", - деді Витебск ауруханасында жатқан науқас. 


Белорус дәрігерлерінің қаншалықты тер төгіп күреспегенімен, елдегі денсаулық сақтау жүйесі үкімет еш шара қолданбаса құлдырауы әбден мүмкін деген оймен қорытындылады.


"Белоруссия билігінің бұл әрекеті негізсіз деп санаймыз", - деді "Перввый канал" баспасөз қызметі. 


скачать dle 12.0
Фото авторы : RT Авторы:
Тағы да оқыңыздар:
06.05.2020
15.04.2020
06.04.2020
21.09.2019
04.09.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930