USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ресей шетел БАҚ-тың елдегі вирус жағдайы туралы мақалаларын жоққа шығарды

  • 14.мамыр.2020, 22:00,
  • 537

Ресейдің сыртқы істер министрлігі Financial Times және The New York Times басылымдарынан елдегі коронавирустан қайтыс болғандар туралы ақпаратты жоққа шығаруды талап етті. 

Күні кеше журналистері Белоруссиядағы коронавирус жағдайына уайымдап, арнайы зерттеу жүргізген Ресей әлемдік дәрежедегі БАҚ-тарын спекуляция жасау мен мемлекет атын қаралауында айыптап отыр. 


Дау Ресейдегі коронавирустан қайтыс болғандар статистикасына қатысты мақаладан туды. Financial Times пен The New York Times басылымдары Мәскеу мен Санкт-Петербургте шынайы көрсеткіштер ресми келтірілген статистикадан 70 пайызға артық болуы мүмкін деп жазды. Зерттеуге сәйкес, Мәскеуде соңғы жылдардағы өлім көрсеткішімен салыстырғанда 2020 жылы сәуірде қайтыс болғандар саны орташа көрсеткіштен шамамен 2 мың адамға артық. Ал ресми мәлімет бойынша Мәскеуде 642 адам коронавирустан көз жұмған.


The New York Times өз кезегінде мақаланың ресми дерек негізінде жазылғанын мәлімдеді.


"Мақалада келтірілген фактілерге күмән жоқ", - деді The New York Times басылымының коммуникация жөніндегі вице-президенті Даниэль Роадс.


Мәскеу қалалық денсаулық сақтау департаменті ақпарат құралдарындағы адам өлімі көрсеткіші туралы деректі жоққа шығарған. Мәлімдемеде коронавирус жұққан пациенттер өлімінің шамамен 60 пайызы ресми статистикаға қосылмайтыны, себебі олардың өліміне өзге аурулар себеп болғаны жазылған.



скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
11.05.2020
09.05.2020
06.05.2020
13.04.2020
13.04.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930