USD 495.28
EUR 518.41
RUB 5.44
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Тәжікстан танымал қазақстандық телехикаясына наразылық білдірді

  • 28.сәуір.2020, 18:00,
  • 455

Тәжікстан сыртқы істер министрлігі Қазақстанға наразылық нотасын жіберді. Бұған полиция қызметкерлерінің өмірін баяндайтын Қазақстанда танымал телехикая себеп болды. 




Шекаралас бауырларымыздың ызасы - толықтай түсінерлік жайт. Телехикаяның кезекті бөлімінде тәжік дипломаты рөліндегі азамат бет-аузы лас, тек ана тілін ғана түсінетін надан кейіпкер ретінде көрсетілген. Басты кейіпкер полиция қызметшілері оны мигрант деп санап, алдымен көліктерін жуғызып, кейін кіреберісті тазалатты. Азаматтың адасып қалған Тәжікстан елшісі екендігін соңында бірақ анықтап, еліне қайтарады.


Душанбе сериал түсірген B.A.S production продюссерлік орталық пен НТК арнасын "ұлт араздығын қоздырдырды және жала жапты" деген айыптармен жауапқа тартуды талап етті.


Елді бұрыннан қалыптасқан бұрыс ойда қабылдап қана қоймай, көпшілікте БАҚ арқылы сондай көзқарас қалыптастыру қайбір халыққа жағады. 2000-жылдары комедиялық туындыларда тәкаппар, дөрекі Кавказ елдері азаматтары, надан, тек қара жұмыспен айналысатын Орта Азия кейіпкерлері халық көңілінен шыға білді. Алайда қазір көрермен, әлеуметтік желі қолданушылары бірталай ахуал жайында өте сезімтал. Жекелеген ұйым немесе күллі мемлекет азаматтарының құқығын бұзар дүние, өкінішке орай, жетерлік. 


Қазақ билігінің өзі аты шулы "қазақ журналисі" Борат кейіпкерін ел намысына нұқсан келтіріп, әлем жұртшылығына мазақ қылу ретінде қабылдады. Дәл сондай Бораттардың басқа да халықтардың атына кір келтірмеуіне жауапты бірден-бір жандар - біз. Равшан мен Джамшуд құрылысшылары оқиғасын қайталауында мүлде қажеттілік жоқ.

скачать dle 12.0
Фото авторы : ntk.kz Авторы:
Тағы да оқыңыздар:
21.09.2019
17.09.2019
10.06.2019
26.05.2019
05.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Ақпан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728