USD 494.87
EUR 520.65
RUB 4.91
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Коронавирустан қайтыс болғандар туралы деректер қаншалықты рас?

  • 22.мамыр.2020, 19:00,
  • 437

Алматыда коронавирустан қайтыс болғандар зиратында жерленген мәйіттер саны ресми деректен үш есе көп. Бұндай ақпарат "31 арнаның" зерттеуінде мәлім болды.

Алматы облысы Іле ауданы Қараой ауылында коронавирустан қайтыс болғандар зиратында 30 мәйіт жерленген. Бұл телеарнаның дроннан түсірген бейнежазбадан байқалады. Ал ресми дерек бойынша, Алматы қаласында 10 адам коронавирустан қайтыс болған. Алматы облысында коронавирусқа байланысты адам өлімі тіркелмеген.

Алматы қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті телеарнаға жіберген ресми жауапта бұл зиратқа Алматы қаласынан 6 адам жерленгенін айтқан.


"Коронавирус анықталған науқастардың барлығына COVID-19 диагнозы қойылады, бірақ олардың арасында коронавирустан емес, созылмалы аурулардан қайтыс болған сырқаттар да болады. Өлім-жітімнің себебін талдау комиссияның қорытындысы бойынша, өлімнің негізгі себептері мен диагнозы анықталады. Сол себепті қайтыс болғандардың ресми саны мен жерленгендердің саны сәйкес келмеуі мүмкін", - делінген хабарламада.


Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі бұған дейін науқастардың өлімінің себебін анықтайтын арнайы комиссия құрылатынын хабарлаған. Коронавирустан өзге себептерден қайтыс болғандар ресми статистикаға енгізілмейді. Алайда ресми статистикаға енгізілмеген қанша оқиға бары белгісіз. 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
14.05.2020
11.05.2020
06.05.2020
14.04.2020
21.09.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930