USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақ барлық жерде "қазақ" па?!

  • 17.қазан.2019, 08:34,
  • 725

2019 жылдың 6 қазанында 25 және 30 жастағы екі қазақтың жігіті, Қазақстан-Қытай шекарасынан өтіп, еліміздің ШҚО арқылы Алматыға жол тартқан. Екеуі де шекараны заңсыз өтуге мәжбүр болғанын мойындаған. Себебі этникалық қазақтар Қытайда қуғын-сүргінге ұшырап, саяси қайта тәрбиелеу лагерінде қамалып, физикалық және психологиялық қысым көргенін ашық айтты.



Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы көктемде Сайругүл Сауытбай да шекараны заңсыз кесіп өтіп, елімізден пана іздеген болатын. Бірақ оның отбасы Қазақстанда бірнеше жыл тұрып, жергілікті азаматтығын алып үлгерген. Содан соң болған оқиға қоғам назарында болып, біраз қызу талқылаудан өтіп, ақпараттық кампания ұйыдастырылғаны естен кеткен жоқ. 


Ақырында бірнеше сот процесстері нәтижесінде, биліктен қолдау көрмеуіне байланысты және Қытайға депортациялау қауіптілігінен, Швециядан босқын мәртебесі табылып, жанұямен шекара асуға тура келген болатын. 


Енді арада бір жыл салып, этникалық қазақтар, Қытайдың азаматтары - Қастер Мұсақанұлы мен Мұрагер Әлімұлы да Қытай билігінің қысымына шыдамай, Қазақстанға қашуға тура келді. 


Ескеретін жағдайды ұмытпаған жөн. С.Сауытбайдың сөзіне сенсек, ол қытайдың саяси қайта тәрбиелеу лагерінде мәжбүрлі түрде жұмыс жасаған көрінеді. Бірақ Қытайдан қашқанға дейін, сол елде оның үстінен ешқандай қылмыстық іс қозғалмаған.


Ал ҰҚК шекара қызметі баспасөз қызметінің хабарлауынша: "Мұсаханұлы жылқы ұрлығына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен қашып, 2006 жылы 21 маусымда қазақ-қытай шекарасын бұзған. Сол кезде ол Қытайға қайтарылған". 


Нәтижесінде жазасын толық өтеді ме, жоқ па түсініксіз... Әйтеуір, Қастер деген жігіт "барымташы" декен ой кейбір ағайындарымызда қалыптасты.


Azattyg.org хабарлағандай: Өздерінің айтуына қарағанда, қазақ-қытай шекарасы аралығындағы бейтарап аумақта бес күндей жүріп, қазанның 6-сы күні Шығыс Қазақсан облысының Зайсан, Шілікті, Маңырақ ауылдарының тұсынан Қазақстанға өткен. Кейін жолай такси жалдап, 10 қазанда қазанда Алматыға келген.

14 қазанда Алматыдағы адам құқығын қорғау бюросында өткен баспасөз мәслихатында Қастер Мұсаханұлы Шыңжаңдағы лагерьде қамауда отырып шыққанын, ал Мұрагер Әлімұлы сол жақта қысым көргенін айтқан. Баспасөз мәслихатынан кейін оларды шекара қызметінің өкілдері алып кеткен.

15 қазанда Әлімұлы мен Мұсаханұлын Шекара қызметі тергеу амалдары үшін Шығыс Қазақстанға жеткізген.


Zhasalash.kz сайтында жарияланған этникалық қазақ жігіттерінің, Алматыдағы баспасөзде мәслихатында айтқан сөздеріне көңіл аударған жөн.

«Менің жасым жиырма бесте. Тарбағатай аймағы Дүрбілжің ауданынанмын. Екі рет бір-бір тәуліктен қамауда болдым. Ұрып-соқты. Лагерден бес қазақты босатса, жиырма қазақты қамайды. Жаназа шығаруға тиым салынған. Зираттағы жарты айларды жұлып тастап жатыр. Сақалы бар ақсақалды көрмейсің. Ол жақта бес жастағы ұлым мен әке-шешем қалды. Солар үшін алаңдаймын. Қазақстан босқын мәртебесін берсе екен. Заңсыз шекара асқанымды мойындаймын. Соттаса соттасын. Одан қашпаймын. Қытай абақтысында жатқанша атамекенімнің түрмесінде жатайын», - дейді Мұрагер Әлімұлы.

«Қытайда «саяси үйрету лагері» 2009 жылы ашылды. Қудалаулар содан бері басталды. Ұйғырлармен болған қақтығысқа менің қатысым жоқ. Бірақ соған жазықты етті. Қамауда аямай азаптады. Қазір де ол жақта азап шегіп жатқан бауырларымыз қаншама. Бір ауданда тоғыз лагерь бар. Қазақстан атажұртымыз. Босқын мәртебесін беруді сұраймыз», - дейді Қастер Мұсақанұлы.

Есімізге тағы бір жағдайды сала кетейік. 2000 жылдардың басында елімізге этникалық қазақтарды тарихи Отанына қайтару бойынша, арнайы мемлекеттік бағдарлама болып, шақырту хаттары әлемге таратылған еді. Сонда біраз қандастарымыз, шетелдегі үйлері мен тұрмыстарын тастап, көз жұмып, оралған болатын. Содан шамамен арада 20 жыл өтіп, Қытайда мұсылмандарға қарсы қысым күшейіп, сол аймақтан қашып келетін қазақтың қарасы көбейіп бара жатқан секілді. 

P.S. Біздің редакцияны алаңдайтын жағдай баршылық. Демек, шетелде емін-еркін, әдемі өмір сүріп жатқан қазақ, кейін сол елде қысым немесе қудалау көргеннен кейін ғана, тарихи Отаны еске түседі ме?! Әрине, қазіргі таңда қазақи ұлттық тұрмыс-салтты сақтаған, ана тілімізді жақсы білетін қазақтарға қоғам зәру болып отыр. Бірақ, екіжүзді адамдар керек емес сыңайлы. Ертең Қазақстанда тағы қысым көрсе немесе экономикалық ахуал орын алып, елдің жағдайы біраз нашарласа, тағы шекара асады ма?! Сонда партиоттық сезім қайда қалды?!

Құдай сақтасын! Біз ешкімді айыптамаймыз да, кінә артпаймыз. Әрбір адамда өзінің тағдыры бар, барлығы пенде ғой, түсінеміз. Дегенмен, кез келген жағдайға ашық көзбен және сабырлы көңіл-күймен қарап, жағдайды сараптап түйін шығарған жөн.

#Қытай #этникалыққазақтар #ҰҚК #шекара #СайрагүлСауытбай 

скачать dle 12.0
Фото авторы : Qazweek.kz сайтынан алынған Авторы:
Тағы да оқыңыздар:
21.09.2019
04.09.2019
04.09.2019
11.07.2019
Қазақтың – Ұлт көсемі қайда?!

Қазақ даласында әрқашан Ұлт көсемі болып, ол – белгілі бір дәрежеде өзгеріс алып келіп, халықты алға жетелейтін. Қазақстан тарихында бірізділік пен ауызбіршілікті алға қойып, жұмылдыра білген көшбасылар жетерлік.


«Негізінен қазақтар - бар ниетімен ақкөңіл, адал, басқаның қайғы-қасіретіне ортақтасқыш, қонақжай, салауатты және төзімді. Бойында қатыгездік пен кекшілдік жоқ. Бірақ, ұрыста немесе шабуыл кезінде ажалмен бепте-бет келсе ешқандай абыржымайды», - деген сипаттамалар баршаға белгілі.


Дегенмен, бүгін ел қандай күйде?! Қазақтар өткендегі сипаттамаларға, бүгін сәйкес келеді ме?! Халықты біріктіріп, алға жетелейтін Ұлт көсемі қайда қалды?! Қазақ неге бірікпей отыр?! Заманауи Әлихан Бөкейхановтай көшбасшы қайда? Неліктен қазіргі таңда, қазақтар бір-біріне жала жауып, біреуге тәуелді екен деп, кінә артып отыр?! Осының бірегей себебі, Ұлт көшбасшысын анықтай алмауда...

05.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930