USD 443.85
EUR 474.3
RUB 4.8
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қытайдың саясаты орыстан не батыстан қауіптірек пе?

  • 04.қыркүйек.2019, 15:42,
  • 762

Еліміздің көптеген ірі елді-мекендерінде, Қазақстанда қытайдың өндіріс орындары салынатынына қарсы іс-шаралар, митингтер ұйымдастырылып жатыр. Алғашқы болып Жаңаөзен тұрғындары алаңға шықты. Кейін интернет желісінде «барлығымыз жаппай 4 қыркүйек күні шеруге шығайық» деген үгіт-насихат жұмыстары ұйымдастырылды. Нәтижесінде интернет желісі осы тақырып жөнінде жарылып кетті деп айтуға тура келеді.

2016 жылы өткен «Жер митингілерімен» салыстырғанда, қытайға қарсы наразылықты білдіргендердің саны айтарлықтай аз болды. Дегенмен, осы мәселе жөнінде қоғамның барлық тараптарында кеңінен талқыланып, бірнеше көзқарас пайда болған көрінеді. Өкініштісі, тек сол баяғы қазағымыз ғана шырылдап жүр.


Қытайдың қауіптілігі жайлы, ас бөлмеде отырған әйелдер, такси айдап жүрген азаматтар, мемлекеттік қызметтегі адамдар, есік алдында отырып, әңгіме-дүкен құрып отырған әжелер мен саяси өмірге қатыспай жүрген жастардың өзі осы тақырыпты талқылап жүр.

Өткенде аталмыш тақырып көбінесе тек қазақ тілді қауым назарында болса, енді оның көлемі әлдеқайда арты деп айта аламыз.


Сонымен қатар, шығыстағы айдаһарша жымиып жүрген көрші ел туралы қазақтар Сайрагүл Сауытбай мен Серікжан Біләш сот процесстері кезінде көптеп естіген еді. Сонда неше түрлі топтар құрылып, әлеуметтік желіні қытай халқының қатыгездігі жөнінде біраз материалдар да тарап үлгерген екен.


Дегенмен, қытай халқы жөнінде әлемдік БАҚ беттерінен де көріп жүрміз. Қытайлықтарды Жапония, АҚШ, Оңтүстік Корея сияқты экономикасы алпауыт елдердің өзі менсінбей жүр деп айта аламыз. Ал кішігірім елдер – Сингапур, Малайзия сияқтылар мүлдем қорқып жүр. Енді Орта Азия елдері болса, алпауыт көрші елмен амалсыздан тығыз байланыста. Әрине, кейбіріне қытайлықтар алдап, жасырынды экспансия өткізіп жатыр деп айтсақ қателеспейміз.


Нәтижесінде, Қазақстан географиялық тұрғысынан Евразия материгінің қақ ортасында орналысқаннан, барлық көрші 5 елмен тығыз байланыста. Одан бөлек Еуропа, батыс елдерімен де байланыс орнатып жатыр. Бірақ сол көрші елдердің ішінде, қайсысы бізге пайда әкеле алады, қайсысы әлемдік деңгейде белгілі бір беделі бар? Сол баяғы Қытай мен Ресей.


Ресей болса, экономикалық одақтар арқасында сылтаулатып өзінің экспансиясын жүргізуде. Одан бөлек, Совет Одағы кезінен қалған саясатты және мәдениетті әдейі тыққыштай береді де, біздің халықтың есіне сала береді. Демек, осы жерде ұлттық пен рухани қауіптілік орасан үлкен.


Енді Қытай экономика жағынан бізді амалсыз қалдырып, тығыз қарым-қатынаста болуға мәжбүрлеуде. Жаңадан қарқынды экономикасы дамып жатқан қырғыз бен өзбек бауырларымыз да, амалсыздан қытайлықтармен байланыс орнатуда.


Кез келген елдің экономикасы дамуы үшін, инвестиция қажет. Әрине, білгіштер айтуы мүмкін – отандық өндірісті дамытайық және т.с.с. Сөзсіз осы бағыт та қажет, бірақ инвестициясыз ел алысқа бармас. Сол секілді Малайзия мен Сингапур, олардың пайда қазбалары, көп жерлері болмаса да, сол инвестициялар арқасында дамып, жоғары қатарлы экономикасы дамыған елдер қатарында.


Ендігі кезекте, елімізге тәуелсіздік алғаннан бері құйылған инвестициялар көлеміне назар аударсақ, Нидерланды – 87 млрд., АҚШ – 37 млрд., Швейцария – 27 млрд., Қытай – 17 млрд. және Франция – 15 млрд. доллар салған еді.


Сол баяғы Ресейдің өзі елімізге сонша көптеп инвестиция салмауда. Олардың мензегендері керісінше, бізден барымызды сорып алып, алдап, қайта сату болып тұр.


Әлбетте инвестиция жөнінде көптеген өзекті мәселелер де баршылық. Әсіресе елімізде мұңай және газ саласындағы жұмыс жасап жүрген компаниялардың көбісі шетелден келгендер. Одан бөлек, басқа ірі өндіріс орындарында көбісі сол баяғы тағы да шетелдіктер. Осы сала төңірегінде, жұмысшылар арасында әділетсіздік пен теңсіздік сияқты мәселелер барған сайын үдеп барады. Ағымдағы жылы болған жағдайлар соның дәлелі.


Сонымен қатар, Теміртауда және басқа өндірістік қалаларда орын алған экологиялық ахуалды ұмытпаған жөн. Сол елді-мекендерде негізгі өндірістік орындардың қожайыны тек қытайлар емес, үндістер де, арабтар да, америкалықтар да бар.


Осылай тізімдеп жаза берсек, көптеген мәселелерді көтеруге болады. Олардың барлығысы әлеуметтік және қоғамдық бағытта болып тұр. Бірақ бір ортақ мәселе бар екенін ұмытпау керек. Ол – өндірісті  басқару лауазымдары шетелдіктердің қолында болып тұр.


Демек, осы жағдайларды ескере келе, билікке өткен жағдайлардың негізінде сабақ алған жөн. Соның бағыты бойынша, елге келетін кез келген инвестиция (қытай, өзбек, американдық, еуропалық болсын) барлығын бірдей жетік қарастырып, бақылап, тексеру қажет. Сонымен қатар, елге келетін не келген инвестициялар жайлы ақпарат мүмкіндігінше ашық болуы хақ. Қазақ елі өзінің қоғамдық кеңесін құрып, кез келген уақытта тексеріс жасай алуы керек. Ал барлық ақпарат ашық болған кезде, сонда не үрей, не қорқыныш, не басқа қауіптілік болмас еді.


Жоғарыда келтірілген барлық фактілер мен аргументтерді ескере келе, Қытай біздің және басқа елдер үшін, қауіпті екені сөзсіз. Бірақ еліміздегі өзге шетел инвесторлардың қауіптілігі, қытайлық инвестициялармен бірдей деңгейде деп айта аламыз.


Осы тұрғыда инвестиция тартылған кезде, кәсіпкерлерге және мемлекеттік қызметшілерге жерді жалға беру немесе сатуға мораторий жарияланғаның естен шығармау керек. Сонымен қатар, кез келген инвестиция тартылған кезде, олардың экологияға әсерін жетік қадағалап, жұмыс жасап жүрген аймаққа әлеуметтік көмек (өз қаражатынан мектеп, аурухана және т.б. әлеуметтік маңызы бар нысандарды салу) көрсетуді талап ету, отандық және шетелдік жұмысшылар арасында теңсіздік болмауын қадағалау, салықты уақытылы төлеуін тексерту сияқты шаралар мүлткісіз орындалуы қажет.


қытай экспансиясы, инвестиция, синофобия, қауіпсіздік, митинг 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
04.09.2019
11.07.2019
Қазақтың – Ұлт көсемі қайда?!

Қазақ даласында әрқашан Ұлт көсемі болып, ол – белгілі бір дәрежеде өзгеріс алып келіп, халықты алға жетелейтін. Қазақстан тарихында бірізділік пен ауызбіршілікті алға қойып, жұмылдыра білген көшбасылар жетерлік.


«Негізінен қазақтар - бар ниетімен ақкөңіл, адал, басқаның қайғы-қасіретіне ортақтасқыш, қонақжай, салауатты және төзімді. Бойында қатыгездік пен кекшілдік жоқ. Бірақ, ұрыста немесе шабуыл кезінде ажалмен бепте-бет келсе ешқандай абыржымайды», - деген сипаттамалар баршаға белгілі.


Дегенмен, бүгін ел қандай күйде?! Қазақтар өткендегі сипаттамаларға, бүгін сәйкес келеді ме?! Халықты біріктіріп, алға жетелейтін Ұлт көсемі қайда қалды?! Қазақ неге бірікпей отыр?! Заманауи Әлихан Бөкейхановтай көшбасшы қайда? Неліктен қазіргі таңда, қазақтар бір-біріне жала жауып, біреуге тәуелді екен деп, кінә артып отыр?! Осының бірегей себебі, Ұлт көшбасшысын анықтай алмауда...

05.07.2019
05.06.2019
05.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930