USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қош бол, Сайрагүл!!!

  • 03.июня.2019, 19:00,
  • 633

 Босқын мәртебесін сұраған қазақ әйелі, шарасыздан басқа елдің азаматтығын алуға, бақытын іздеуге Швецияға кетті.

Бір жыл бұрын қазақтың анасы өзінің жанұясымен қауышу мақсатында, бірге болуға үміттеніп, Отанды аңсап, шекараны заңсыз бұзып, ҚХР кетуге мәжбүр болған.


Нәтижесінде, 2018 жылдан бастап, жанұясынан берекесі кетіп, басында Сайрагүл Сауытбай қамалған. Бірақ кейін, Алматы облысының Панфилов ауданның соты оны жарты жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жөнінде шешімін шығарады. 


Уақыт өте келе, біраз басқа қиыншылықтар мен өмірдегі жағдайлар орын алған. Соның ішінде, басында қорғаған адвокат - Абзал Құспан арасында түсініспеушіліктер орын алуына байланысты, басқа білікті маман істі жалғастырған болатын. Атап айтқанда, жаңа адвокат - Айман Омарова Қазақстанда босқын мәртебесін алып беруін шеше алмаса да, қоғамға және этникалық қазақ қызына үміт шоғын сыйлаған. 

 

Бірақ, осы тұрғыда Қазақстан билігі қиын жағдайда болғанын да атап өткен жөн. Себебі, Қытай елі Сайрагүлді қайтару бойынша талаптар қойған секілді. Дегенмен, оны елде қалдырып, сот процесстері созыла беріп, шешімі шығарылмай, кейінге қалдыра берген. Соның нәтижесінде қауіптілік деңгейі жоғарылай берген.


Амалсыздан сағынышпен, әрі үмітпен Қазақстанға келген қазақтың қызы босқын мәртебесін ала алмай, Скандинавия елдерінің бірі - Швециядан пана іздеуге мәжбүр болды. Ендігі кезекте, Сауытбай ханым өзінің жанұясымен Еуропа елінде бақытын тауып, тыныш өмірін жалғастыратынына үмітпен қарайық.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
31.05.2019
30.05.2019
30.05.2019
30.05.2019
31.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930