Қытайдың инвестициялық CITIC Construction компаниясы БҚО Киров су қоймасына қызығушылық танытқан болатын. Нәтижесінде, Батыс Қазақстан облысының әкімшілігі 1 маусымда келген инвесторларға су қойманың жағалауында жүріп, таныстыру жұмыстарын өткізген.
Аталмыш ақпаратты БҚО-ң ауыл шаруашылық басқармасы мен әкімшіліктің баспасөздері растайды. СОлардың сөзінше: "Citic Construction компаниясының өкілдері келген. Олар Қытайдан келген инвесторлар, аймақтағы жерді суармалаудың дамыту жөнінде келіссөздер жүргізілген. Су қоймасына бару тек таныстыру сипатында ғана өткен", - деп басқарма баспасөз-хатшы Нүргүл Мұқанова "Уралськая неделя" баспасына жауап берген көрінеді.
Ал әкімшіліктің баспасөз-хатшысы Дәурен Сәкенұлы болса: "Бұл тек жұмыс тәртібіндгеі болған келіссөздер, нақты инвестициялық жоба жөнінде айту ерте, инвесторлар ауылшаруашылыққа инвестиция құямыз деп жоспарлауда. Жоба су қоймасын пайдалануды қарастырмайды. Егер келген қонақтар белгілі бір жерде болса, нақты соны пайдыланады деген сөз емес қой", - деп жауап берген.
Енді екі жауапты салыстырып, сараптай отырсақ, мағынасы бір секілді. Бірақ басқарма нақты су қоймасын пайдалану секілді ой айтылса. Әкімшілік, мүлдем су қоймасы пайдалынбайды дейді. Сонда екі баспасөз хатшылары бір аймақта жұмыс жасап, бәлкім бірге барып, нақты не болғанын білмейді ме? Не әлі БАҚ не айтатыны өзара келісіп үлгермеген бе?
Осының астарында, үлкен мәселе жатыр. Біріншісі, Қытайдың соңғы уақытта елімізге деген, тым қатты қызығушылығы аландатады. Сылтаулы инвестициялары тым артық көбейген секілді.
Екіншісі, Қытайдағы қазақтар мәселесі. Болып жатқан құқық бұзушылықтарға қарамастан, билік көз жұмыс отырған секілді (басқа елдің ішкі саясатына араласа алмаймыз деп). Соны біле тұра, ары қарай экономикалық келіссөздер жалғастырылып жатыр. Оның өзі, экономикалық жағынан нақты қалай және қанша тиімді деген басқа сұрақ. Одан бөлек экологияға және жергілікті тұрғындарға әсері қандай екені не түсініксіз.
Үшіншіден, жерді жалға беру немесе сату бойынша мораторий жариялаған ғой... Демек, осыны заңдық негізде қосымша қарастырған жөн. Атап айтқанда, құйылатын инвестициялар су қоймасын пайдалану секілді түрде болса, ол шартты түрде сумен қоса оның астындағы жерді де пайдалану деген сөз емес пе?! Осыны жетік зерттеген жөн.
Төртіншіден, Қытай ауылшаруашылықта сан алуан химиялық заттарды пайдаланатыны жайлы әлемнің барлығы хабардар. Соны біз біле тұра, олардың тарапынан қастандық болуы ықтимал деген қағиданы да ұмытпай керек. Себебі, қастандық дегеніміз - шартты түрде айтылған. Нақтырақ ой салсақ, өтірік бір ақау пайда болып, су қоймасы уланса қайтеміз?!
Бесіншіден, Қытай елінен бөлек, Еуропа немесе басқа ауылшаруашылығы мықты дамыған елдердің инвестицияларын неге тартпаймыз?! Олар әлдеқайда тиімдірек болар еді деп ойлаймыз. Одан бөлек, өзіміздің отандық инвесторларымыз қайда қарап отыр?! Солармен де келіссөздер жүргізген жөн.
Жалпы осылай тізімдеп жаза берсек, қауіптіліктің себептері жетерлік, шексіз. Сондықтан, бұрын аталарамызы: "Орыс досын болса, айбалтан дайын тұрсын", - деп жүрсе, қазір: "Қытай деген танысын бар болса, болашақтағы шансысын азаяды", - деген ой айтуға болатын сияқты.
Қорытындылай келсек, халықтың үрейін туғызбай, ызасын келтірмей, әлеуметтік желіні шулатпай-ақ, басқа инвесторларды қарастырған жөн. Сонымен қатар, біреуді іздегенше, өзіміз соны неге жасамасқа?! Ауылшаруашылық саласындағы білікті мамандар мен ғалымдар жетерлік, тәжірибеміз де баршылық.
Редакция ойы автордың пікрімен тұспа-тұс келмеуі мүмкін