VII ғасырда Ислам дінінің келуімен қазақтың Тәңір туралы ұғым-нанымы түгел мұсылмандық түсінікке алмасты. Атап айтқанда, «Бір тәңіршілдік» танымы «Жалғыз Алла Тағаланың» ұғымына дәлме-дәл келді. Қазақтар әлі күнге дейін Алла мен Тәңір ұғымдарын қатар қолданады. Тәңір – ұлы Алланы білдіретін ұғымға айналды. Бірақ, тәңіршілдіктің дін бе, әлде наным-сенім бе деген сұраққа әлі күнге дейін нақты жауап берілмеген.