USD 511.67
EUR 582.38
RUB 6.53
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Депутат пневмококқа қарсы екпе салуды ұсынды

  • 16.қыркүйек.2020, 18:03,
  • 412

Халық қалаулысы қазақстандықтарға пневмококқа қарсы вакцина салуды ұсынды. 

Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева коронавирустан қорғану үшін пневмококқа қарсы вакцина салуды ұсынды. 

"Үкімет қаулысына сәйкес пневмококк инфекциясына қарсы вакцинация екі ай, төрт ай және 12-15 ай жасында үш рет жүргізіледі. (... ) Осыған байланысты құрметті Асқар Ұзақбайұлы, әлеуметтік сақтандыру қорын қаржыландыру есебінен тұрғындарды шұғыл вакцинациялау мәселесін қарастыруды сұраймыз", - деді ол.


"Пневмококк инфекциясы балалар мен қарттарда жиі кездеседі. Инфекция негізінен ауа тамшылары арқылы тарайды.

Біз бәріміз коронавирустан қорқамыз, бірақ әлемдегі барлық пневмонияның ішінде COVID тек 4-5 пайыз, ал қалған 95 пайызы басқа тектес. Атап айтқанда, пневмококк. Пневмококқа қарсы вакцина 65 жастан асқан барлық адамға салынуы керек. Ал 19 жастан асқан адамдарға – қант диабеті, өкпенің, бүйректің, бауырдың созылмалы аурулары болған жағдайда", - деді депутат.



#депутат #вакцина #екпе #зағипабалиева 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Маусым 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30