USD 511.67
EUR 582.38
RUB 6.53
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Петропавлда бес қабатты үй өртенді

  • 16.қыркүйек.2020, 17:48,
  • 582

Петропавлда бес қабатты үй өртеніп, 75 адам құтқарылды. 

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт сөндіру қызметіне сағат 11.04-те Петропавлдағы Н.Назарбаев көшесі, 225 мекенжайындағы бес қабатты үйде өрт шыққандығы жөнінде хабар түседі. Оқиға орнына жеткен мамандар жалынның бірінші қабаттағы пәтерден шыққанын анықтаған. Үй көк түтінге оранып үлгеріпті. Өрт сөндірушілер бірден тұрғындарды құтқаруға кірісті. 25 адамды автосатының көмегімен шығарған мамандар, тағы 50 адамды баспалдақпен қауіпсіз жерге эвакуациялады. Өртті сөндіруге 8 арнайы техника мен жеке құрамнан 30 адам жұмылдырылды. Нәтижесінде сағат 11.57-де өрт толық сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, алайда құтқарылған бірнеше тұрғынға ТЖД психологтарының көмегі қажет болды. 



#өрт #жалын #оқиға #петропавл 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Маусым 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30