USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Баланы құтқарамын деп өзі мүгедек болып қалған

  • 16.қыркүйек.2020, 14:16,
  • 458

Көкшетауда ер адам баланы құтқарамын деп өзі мүгедек болып қалған.

Николай Панюшкин осыдан 4 жыл бұрын болған оқиғаны есіне алды. Ол көлігін автотұраққа қойып жатқанда үйдің терезесінен құлағалы тұрған баланы көреді. Ер адам баланы құтқарғанымен денсаулығына орны толмас зиян келеді. Ал жақындары кішкентай қызды жоғалғанын байқамаған.

"Бесінші қабатқа көтерілдім. Қыздың әжесінен "Немереңіз қайда?" деп сұрадым. Ол оның үйде екенін айтты. Екеуміз балконға бардық. Онда орындық тұрғанын, терезенің ашық екенін көрдік. Мен "Немереңіз құлап кетті" дедім. Осы сәтте қыздың анасы келді", - дейді Николай Панюшкин.

Осы оқиғадан кейін кішкентай Дана қатты қорқып қалыпты. Ал Николай төсекке таңылған. Ол баланы құтқарамын деп омыртқасы ауыр жараланған. Қыздың отбасы бұл мәселеге назар аудармай, ер адамға тиіс көмек көрсетпепті.

ПИК төрайымы Рауза Көкенова оқыс оқиға болған кезде қыздың отбасы Николай Панюшкинге көмекке келмегенін айтады.

"Кешірім сұрамады, алғыс та айтқан жоқ. Қазір ол қиналып жатыр. Ол мүгедек болып қалды. Оған үш рет операция жасалды. Олар оған көмекке де келген жоқ. Олар көшіп кетті, енді мұнда тұрмайды", - дейді ол.

Бүгінде Николай Панюшкин бірнеше қымбат ота жасатуы керек. Бірақ оған ер адамның ақшасы жоқ. Алайда ол болған жағдайға еш өкінбейтінін айтады.



#мүгедек #құтқарған #қыз #терезе #көкшетау 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930