USD 518.57
EUR 566.59
RUB 6.05
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Өгей әке бойжеткенді екі күн бойы зорлаған

  • 16.қыркүйек.2020, 18:38,
  • 375

Қарағандыда 19 жастағы бойжеткенді өгей әкесі пәтерде екі күн бойы зорлаған.

5 және 10 жастағы екі ұл мен 19 жастағы қыз бала бір үйдің балалары. Олардың айтуынша, өгей әке оларды аналары жұмысқа кеткенде таяқтың астына алуды әдетке айналдырған. Тіпті үлкен қызды зорлап, екі күн бойы пәтерде қамап ұстаған. Жәбірленуші осыдан кейін ғана отбасын зорлықтан құтқару үшін полициядан көмек сұрап, арыз жазыпты.

Бұл отбасы 2 жарым жыл бірге тұрған. Балаларға өрескел жәбір көрсеткен 45 жастағы өгей әке үш бірдей баппен айыпталды. Қазыбек би атындағы аудандық сот оны 9 жылға соттады. Сотталушы жазасын жоғарғы қауіпсіздіктегі түзету мекемесінде өтейді. 

19 жастағы жәбірленуші қыз өгей әкесінің діни білімді ғаламтордан алғанын айтқан. Тергеу материалдарына сүйенсек, сотталушы тыйым салынған дінді ұстанған. Дінтанушылар қазіргі таңда адамдардың рухани сенімді жиі адасатынын айтады.  

Полицияның мәліметінше, балалар аналарын қорғау үшін де зорлыққа төзіп келген. Сондықтан қаланың ортасында тұратын отбасындағы сұмдықты көршілері де байқамапты.    

Қазір балалар анасымен бірге. Отбасына психологиялық көмек көрсетілуде.



#зорлық #зомбылық #қорлық #өгейәке 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
22.08.2020
09.07.2020
03.07.2020
19.11.2019
13.11.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930