Қарағандының Жаңаарқа ауылында нысанның құрылысы үлкен дауға себеп болғалы тұр. Бір топ тұрғын тура үйлеріне жапсарлас етіп сауықтыру орталығын салуға қарсы шықты. Заң бойынша жаңадан салынатын ғимарат тұрғын үйден 40 метр алшақ болуы тиіс. Дегенмен құрылыстан баспаналар да, мектеп те шамамен 5 метр жерде тұр.