USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Тоқаев Ақтоты Райымқұловаға бірқатар тапсырма берді

  • 03.қыркүйек.2020, 15:26,
  • 559

Тоқаев мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованы қабылдап, латын әліпбиін енгізу мәселесі бойынша тапсырмалар берді. 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрлік қызметінің қорытындылары, атап айтқанда, мәдениет, спорт, туризм, тіл саясаты, ономастика мәселелері, архивтер бойынша атқарылған жұмыстар жайында баяндалды. Сонымен қатар Мемлекет басшысының бұған дейін берген тапсырмаларының нәтижелері туралы есеп берілді.

Мәдениет және спорт министрі бұқаралық спортты дамыту жұмыстары қарқынды жүріп жатқанын атап өтіп, мәдениет қызметкерлерінің еңбек ақысын көбейту мақсатында қолға алынған бастамалар туралы айтты. Қазірдің өзінде мәдениет қызметкерлерінің жалақысы жергілікті жерлерде 35 пайыз, ал республикалық деңгейде 50 пайызға артқан. Бұдан бөлек, министрліктің пандемия кезінде өткізген онлайн шаралары жөнінде де мәлімет берді.

Сонымен қатар Ақтоты Райымқұлова Президентке қазақстандық спортшылардың алдағы Олимпиада ойындарына дайындығы, жаңадан ашылғалы жатқан Туризм және меймандостық университетінің жұмысы жайында айтты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауда айтылған басым бағыттарды тиісті деңгейде жүзеге асыруға, ел арасында бұқаралық спортты кеңінен насихаттап, оны одан әрі дамытуға қатысты нақты тапсырмалар берді.

Сондай-ақ латын әліпбиін енгізу мәселесінде асығыстық жасамай, жұмысты ғалымдармен жан-жақты сараптай отырып жүргізу керек екенін атап өтті.



#тоқаев #президент #райымқұлова #латын #әліпби 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
13.08.2020
13.08.2020
06.08.2020
19.06.2019
17.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930