USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Нұр-Сұлтанда көпбалалы жалғызбасты әке кеңсе тауарларын ұрлады

  • 03.қыркүйек.2020, 10:28,
  • 955

Балалары үшін кеңсе тауарларын ұрлаған азамат сотталды.

Елордалық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметі хабарлағандай, ер адам төрт баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отыр.

"Ер адам өзі жұмыс істеген компанияның қайта құрылуына байланысты жұмыссыз қалды. Балалардың анасы бірде таңертең үйден кетіп, содан қайтып оралмаған, тек келесі күні қоңырау шалып, қажеттілік пен күнделікті тіршілікке толы өмірден шаршағанын айтқан. Осы күнге дейін балалар әлі де анасының қоңырауын немесе келуін күтуде, өйткені "анасы балаларға көптеген ойыншықтар сатып алу үшін жұмысқа кеткен", оларға әкесі осылай айтқан, ер адам өмірдің не екенін әлі білмеген балалардың жүрегін жаралағысы келмеді!", - деп пробация қызметінде хабарлады. 

Ер адам балалары мектепке барудан ұялмас үшін тауар ұрлауға мәжбүр болғанын мойындады.

"Сурет сабағында балалар дәптер парақтарына сурет салды, ал кейде мектепке барғысы келмеді, өйткені қарапайым кеңсе заттары немесе спорттық киім болмаған. Балалардың қажеттіліктері туралы ойлана отырып, ол кеңсе тауарлары дүкеніне кіріп, балаларына арналған дәптерлер мен альбомдарды ұрлаған", - делінген хабарламада.

Зиянның аз мөлшерін ескере отырып, осы қылмысы үшін Нұр-Сұлтан тұрғынына бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындалды.

"Жаңа оқу жылы қарсаңында сотталғандарға тағы бір қылмыстың алдын алу және болдырмау мақсатында елордалық департаменттің пробация қызметінің қызметкерлері еріктілермен бірлесіп, балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған төрт жас баланың әкесіне жаңа оқу жылына дайындықта көмек көрсетті. Пробация қызметінің міндеттерінің бірі есепте тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету болып табылады. Талдау жасай отырып, қылмыстардың көпшілігін ауыр қаржылық жағдайы бар адамдар жасағандығы анықталды, осыған байланысты пробация қызметінің қызметкерлері заңды бұзған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді, ол адамдар сотталушылар орнында қалмауы үшін", - деді пробация қызметі бастығының міндетін атқарушы әділет подполковнигі Жұлдызбек Сералиев.



#көпбалалы #жалғызбасты #әке #ұрлық #кеңсетауарлары #мектеп #нұр-сұлтан

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
14.08.2020
24.07.2020
17.07.2020
04.07.2020
13.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930