USD 469.49
EUR 552.59
RUB 6.24
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Навальный «Новичокпен» уланды

  • 03.қыркүйек.2020, 11:23,
  • 529

Германиялық мамандар Навальныйдың «Новичокпен» уланғанын анықтады. 

CNN-нің мәліметіне сай, Навальныйға «Новичок» тобына жататын у берген. Саясаткердің ағзасында қандай да бір удың бар-жоғын анықтау жұмыстары Германияның қарулы күштеріне тиесілі зертханада жүргізілген. Кейін оның нәтижесімен канцлер Ангела Меркель танысып, министрлер кабинетінің мүшелерімен бірге талқыға салған. Бұдан бөлек, Берлин енді Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйыммен байланысқа шықпақ.
Еске сала кетейік, 20 тамызда Навальный «уланған болуы мүмкін» деген күдікпен Омбы ауруханасына түсті. Бірнеше күннен соң ол Берлиндегі емханаға жеткізілді. Тексеруден кейін неміс дәрігерлері оппозиционердің уланғанын мәлімдеді. Қазір Навальный жансақтау бөлімінде. Дәрігерлердің айтуынша, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. 




#навальный #оппозиционер #ресей #германия #новичок 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930