"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 6 459 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 34 өскіншек бала бар. Стационарларда 3 196 науқас жатыр. 3 263 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 171 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 19 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 28 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр", - дейді денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 106032.
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 571 жағдайы және 6 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 79 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 26 322, 301 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 5 773 жетті.
#коронавирус #пандемия #эпидемия #қазақстан