Жазушының өзіндік даралық қолтаңбасын айқындап тұрған тағы бір шығармасы – «Сайтан көпір» атты повесі. «Сайтан көпір» повестіндегі негізгі ой-идея Жақсылық пен Жамандықтың бітіспес күресінен тұрады. Жамандықтың адам баласына жасар зұлымдық, қастандық іс-әрекеттерін Анау, Айқай, Жаңғырық атты астарлы символдық бейнелермен сәтті суреттеп шыққан.