USD 518.57
EUR 566.59
RUB 6.05
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Алматыда мектептер ашылды

  • 01.қыркүйек.2020, 11:51,
  • 440

Алматыда мектептер ашылды, музейге, бассейінге барып, тауға шығуға болады. 

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысына сәйкес, қалада карантин шаралары жеңілдетілді. Атап айтқанда, қаулы театрға, кітапханаға, музейге, ғибадатханалар мен бассейнге және спорт кешендеріне баруға рұқсат береді.

Тауға шығуға да жол ашылады. Білім беру мен дамыту орталықтарының жұмысына рұқсат етілді. Сонымен бірге мектептер жалпы адам санын 180-нен асырмай жұмыс істеуіне болады. Бір сыныпта 15-тен артық оқушының отыруына болмайды. Балабақша жұмысы да қалпына келеді.

Бірақ Бекшин қаулысына сәйкес, демалыс және мереке күндері сауда, ойын-сауық мекемелері мен базарлар, мешіттер жұмыс істемейді.

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай ушығып кеткеннен кейін, 5 шілдеден карантинді қайта енгізген. 17 тамыздан бері шектеуді жеңілдетті. 31 тамыздан бастап қосымша шектеу шаралары алынды.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда 105,7 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталып, 1588 науқас қайтыс болған.



#алматы #мектеп #бассейн #тау #карантин 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930