USD 540.06
EUR 628.25
RUB 6.61
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қасым-Жомарт Тоқаев ШОБ қосымша қолдау шараларын жариялады

  • 01.қыркүйек.2020, 14:18,
  • 501

ҚР Президенті шағын және орта бизнеске қосымша қолдау шараларын жариялады. Шағын және орта бизнес үшін айналым қаражатын толықтыру бағдарламасы 2021 жылдың соңына дейін ұзартылады.



«Індеттің негізгі соққысын өзіне қабылдаған шағын және орта бизнес күрделі кезеңді бастан кешіріп жатыр. Теріс экономикалық салдарды еңсеру үшін 700 мыңнан астам кәсіпкерге салық жеңілдігі берілді. Жеңілдік шарттарымен қайта қаржыландыруға мүмкіндік жасалды. Бірақ, жағдай әлі де күрделі. Шағын және орта бизнеске қосымша көмек ретінде экономиканың зардап шеккен салаларындағы ШОБ-қа жылдық 6 пайызбен мемлекеттік субсидиялауды қамтамасыз етуді тапсырамын. Төтенше жағдай режимі жарияланған сәттен, яғни, 12 наурыздан бастап 12 айды қамтиды», - деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысының атап өтуінше, Ұлттық банк экономиканың барынша зардап шеккен салаларындағы шағын және орта бизнес үшін айналым қаражатын толықтыру жөніндегі арнаулы бағдарламаны іске асыратын болады. «Бұған дейін ол өз әрекетін осы жылы тоқтады деп болжанған еді. Қазіргі дағдарыс жағдайында бұл бағдарламаның әрекет ету мерзімін 2021 жылдың соңына дейін ұзартуды және оның қамту аясын кеңейтуді тапсырамын. Бұған қоса, бағдарламаның жалпы көлемін 800 млрд теңгеге жеткізе отырып, оған қосымша 200 млрд теңге қарастырған жөн», - деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар ҚР Президенті мемлекеттік органдар мен квазмемлекеттік секторға тиесілі жылжымайтын мүліктер бойынша төлем есептеуді жылдың соңына дейін тоқтатуды тапсырды.



#шоб #жолдау #президент #тоқаев 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031