USD 540.06
EUR 628.25
RUB 6.61
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Балтық елдері Лукашенкоға кіруге рұқсат бермеді

  • 01.қыркүйек.2020, 12:23,
  • 393

Балтық елдері Беларусьтің 30 азаматына, оның ішінде президент Александр Лукашенко және оның әкімшілігінің қызметкерлеріне елге кіруге тыйым салды. Бұл туралы Латвия СІМ басшысы Эдгарс Ринкевичс мәлімдеді.

"Олар президент сайлауындағы алаяқтық және Беларусьтегі бейбіт митингілерге қарсы қатаң шара қолданғаны үшін жауапты. Біз тәуелсіз және демократиялық Беларусь пен оның азаматтарын қолдаймыз", - деп жазды Ринкевичс Twitter желісіндегі парақшасында.

РИА Новости мәліметінше, Лукашенко, сондай-ақ ішкі істер және әділет министрі, бас прокурор, ОСК мүшелері және құқық қорғау органдарының кейбір қызметкеріне Эстонияға кіруге бес жылға тыйым салынды.

Эстония СІМ басшысы Урмас Рейнсалудың айтуынша, Таллин осылайша Беларусьте адам құқығының бұзылғанына қатты мән береді және олардың демократиялық өзгерістерге қол жеткізу үшін күшін қолдайды.



#лукашенко #беларусь #латвия #эстония 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
22.08.2020
18.08.2020
14.08.2020
12.08.2020
15.07.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031