Халықтың өмірі үшін күресіп жатқан медицина қызметкерлері әр күн сайын жаңа қиыншылықтарға тап болуда. Барлығы дерлік азаматтардың үйде қалып, ережелерді қатаң сақтауға шақырады. Ал Алматылық дәрігерлер президентке үндеу салып көмек сұрауда.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы биыл Рамазан айы елімізде 24 сәуір күні басталатынын айтты.
Қордайдағы қақтығысқа қатысы бар 24 адам Алматыда қамауға алынды.
Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимін 1 мамырға дейін созу туралы жарлыққа қол қойды.
Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бес күн экспресс-тестілеу жүргізу кезінде қанша адамнан коронавирус анықталғанын айтты.
Сыртқы істер министрлігінде Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяомен кездесу өтті. Қазақстандық тарап Қытай еліне айтар назы бар екендігін айтты.
15 сәуірден бастап Алматы облысында карантин енгізіледі. Бұл туралы облыстың мемлекеттік бас санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетов айтты.
Қазақстандық оқушылар 25 мамыр күні жазғы демалысқа шығады.
Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің кірісі 10,5%-ке төмендеді. Бұл туралы Қаржы министрі Әлихан Смайылов хабарлады.
Түркия парламенті коронавирусқа байланысты 90 мыңға жуық адамды түрмеден босату туралы заңнаманы мақұлдады. Бұл құжаттың қабылдануын 279 адам қолдап, 51 депутат қарсы шыққан.