USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Алматы облысы карантинге жабылады

  • 14.сәуір.2020, 13:00,
  • 420

15 сәуірден бастап Алматы облысында карантин енгізіледі. Бұл туралы облыстың мемлекеттік бас санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетов айтты.

"Алматы облысының аумағында шаруашылық және (немесе) өзге де қызметі мен тұрмысының ерекше шарттары бар карантин енгізу туралы" тиісті қаулы қабылданған.

Қаулы бойынша облыс аумағына өзге елдерден оралған Алматы облысының тұрғындарынан басқа, сол сияқты жүк тасушы адамдар мен көліктерден, соның ішінде транзиттік көліктерден басқа өзге өңірдің адамдары мен көліктеріне кіруге тыйым салынады. Ал Алматы облысының басқа өңірлерге шығып кеткен тұрғындары облыс аумағына сәуірдің 14-інен 15-іне қараған күнгі сағат 00.00-ге дейін қайтып келе алады.   


"Карантин енгізілуіне байланысты аудан, қалаларға кіру-шығуға, сол сияқты елді мекендердің ішіндегі қозғалыстарға тыйым салынады. Бұл ретте тұрғындарға медициналық ұйымдарға, жақын жердегі дүкендер мен дәріханаға күніне бір рет қана шығуға рұқсат. Бірінші кезектегі қажет тауарларды, азық-түліктерді, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды, қорғану және гигиеналық құралдарды, жанар-жағармай материалдарын, көлік құралдарының қосалқы бөлшектерін, өндірістік құралдарды және т.б. тасымалдайтын адамдар мен көліктерге тапсырыстың бар екенін айғақтайтын құжаттары болған жағдайда; коммуналдық, апат қызметі, қоқыс жинаушы, байланыс және коммуникация қызметкерлері мен көліктеріне, сол сияқты телеком-операторларының коммуникация желілері мен техникалық қолдауды басқарудың, өңірдің тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті жүк тасымалдау мен арнайы көліктердің қызметкерлері мен көліктеріне жұмыс орнынан анықтама болған жағдайда рұқсат етіледі", - делінеді қаулыда.

скачать dle 12.0
Фото авторы : informburo.kz
Тағы да оқыңыздар:
09.04.2020
08.04.2020
31.03.2020
30.03.2020
27.03.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930