Көкшетауда дауылдан зардап шеккен екінші азамат көз жұмды. Бұл туралы қала әкімі Амангелді Смайылов хабарлады.
Айлық есептік көрсеткіш мөлшері мен ең төменгі жалақы мөлшері көтерілді.
Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың саны 709-ға жетті.
216 мың қазақстандыққа Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты 42 500 теңге тағайындалды.
"Қазгидромет" өкілдері 9-11 сәуірде ауа райы қандай болатынын айтты.
Коронавирустың ошағы Ухан қаласында 10 сәуірден бастап шектеулер алынып, карантин ақталады. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.
Серік Сүлейменов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі болып тағайындалды.
9 сәуірден бастап Жамбыл облысында карантин режимі енгізіледі. Облыс аумағында 27 блокпост қойылды.
700 дәрігер Нұр-Сұлтандағы қонақүйлерде тұрып жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты.
Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында болған дауыл салдарынан бір адам қаза тапты. 160-тан астам ғимарат зардап шекті. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті хабарлады.