"Коронавирус эпидемиясының таралуы импортқа салынатын қосылған құн салығының көлеміне теріс әсерін тигізіп жатыр. Үшінші елдерден әкелінетін импорт көлемінің қысқаруына байланысты 11,4 мың салық төлеушіден салық түсімі 49,1 миллиард теңгеге азайды. Бұдан басқа, есепті кезеңде Қытайдан келетін автокөлік саны 29%-ке азайды", - деді министр.
Республикалық бюджетке 1 триллион 402 миллиард теңге кіріс түсті.
Жоспар 378 миллиард теңгеге орындалған жоқ. Оның орындалмауына салықтың азаюы себеп болған.