1,3 милионнан астам қазақстандық несие қарыздарының төлем мерзімін кейінге қалдырды. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады.
Мемлекеттік комиссия 20 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда жұмысын қайта бастайтын қызмет түрлерінің тізімін бекітті.
Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханада тағы 35 дәрігерден коронавирус анықталды.
Нұр-Сұлтанда 11 мекеме каратиннен алынды.
Марат Абдуллаев Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық аурухананың басшысы болып тағайындалды.
Петропавл халықаралық әуежайына "Air Astana" әуе компаниясының Лондоннан келген арнайы рейсі қонды. Ұшақпен 95 қазақстандық келді.
Дер кезінде қабылданған карантиндік шаралар Қазақстанға коронавирустың таралу қарқынын төмендетуге мүмкіндік берді. Бұл туралы Ресейдегі ДДҰ өкілі Мелита Вуйнович мәлімдеді.
Осыған біраз уақыт бұрын коронавирус ошағының алғашқы орындарында тұрақталған Оңтүстік Корея - пандемия жарияланғаннан кейін сайлауды өткізіп жатқан алғашқы ел.
Америка Құрама Штаттары Президенті Дональд Трамп өз басшылығына Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымын қаржыландыруды тоқтатуды тапсырды.
Алматы қаласы Орталық клиникалық аурухананың бас дәрігері Алмаз Жувашев қызметінен кетті. Бұл ақпаратты Алматы әлеуметтік денсаулық басқармасы растады.