USD 510.59
EUR 578.91
RUB 6.37
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Кімдер салықтан босатылады?

  • 17.наурыз.2020, 12:00,
  • 549

Ірі сауда нысандары, кинотеатрлар мен спорт нысандары бір жылға салықтан босатылады. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты.

Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов кәсіпкерлікті және отандық өндірісті қолдау шаралары туралы баяндады.


"Арнайы салық режимдері бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлердің кірістері осы жылдың басынан бастап салықтан босатылғанын атап өткен жөн. Жалпыға бірдей белгіленген режимді пайдаланатын кәсіпкерлерді қолдауға болады деп санаймыз", - деді ұлттық экономика министрі.


"Кеше Мемлекет басшысы телевизия арқылы жасалған үндеуінде атап өткендей, кәсіпкерлікті қолдауға және жаңа жұмыс орындарын құруға кем дегенде 300 миллиард теңге бөлінетін болады. Несиелерді субсидиялау және салықтық ынталандыруларды беру мәселелері қосымша пысықталды, сондай-ақ "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы шеңберінде 400 млрд теңгеге дейін қосымша теңгедегі өтімділік берілетін болады. Қызметтік белсенділікті сақтаудан басқа 160 мың жаңа жұмыс орны құрылады. Жалпы, аталған жедел шаралар еңбек нарығына және экономикаға тұрақтандыру әсерін береді", - деді Дәленов.


скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
06.12.2019
06.11.2019
06.11.2019
09.10.2019
29.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031